МӘТЖАН ҰРПАҚТАРЫНА АС БЕРІЛДІ


2019 жылдың Тамыз айының 24-25-і күндері Ақтөбе облысы Миялы ауылында МӘТЖАН есімімен халыққа танылған ИВАНОВ ВАСИЛИЙ МАТВЕЕВИЧКЕ/1878 ж-1958ж/ арнап сағынышпан еске ала отырып,рухтарына арнап жайылған,еске алу дұға дастарханы жайылды.Ол әскери офицер,инжинер мелиоратор,1878 жылы дүниеге келген.1958 жылы Доңызтаудағы «Тасқабақ» қорымында жерленген.ХХ-ғасырдың 30-шы жылдарында Доңызтауда құрылған колхоздарда еңбек еткен Мәтжан/азан шақырып қойған аты/ Мәні және Шаған өзендеріне шлюзді бөгеттер салдырып ,егін егуді ұйымдастырған.Сонымен қатар 1931 жылы Орал өңірі Қаратөбе ауданы қазіргі Үшағаш елді мекенге қарасты Қалдығайты өзеннің жағасындағы Айжазық алқабында бөгет салғызып ,Доңызтаудан әкелген тары тұқымын септірген. Бұл бөгет бүгінгі күні «Кәрі бөгет»аталады, бөгет жағалай егілген талы «Мәтжан талы»/ Көптал/ аталады.Мәтжан колхоздастыру кезінде ,білікті маман ретінде танылып,ел арасында беделімен,атақ- абыройымен МӘТЖАН атанған.Ашаршылық кезінде көптеген адамның зұлматтан аман қалуына септігін тигізген адам.Сақиқызы Забираға/1900-1943/ үйленгісі келгенін айтқанда «Мен мұсылманмын, Алладан басқа Құдай жоқ,Мұхаммед оның елшісі» деп қойнынан Құран шығарған екен.Жұбайы Забира Алаша ішіндегі «ұлдары найза,қыздары жебе»атанған Кенжеғара руынан.Мәтжанның қыздары Зейнеп,Рахила,Райса,Тамара және ұлдары Иванов Евгений Васильевич/азан шақырылып қойған аты Мәтжанұлы Зайдолла//1934-1998ж/Жұбайы Қалиқызы Роза /1942-2002ж/ Зайдолла Доңызтау өңірінде 1934 жылы дүниеге келген.Совет Армиясында 1952-1955 жылдар аралығында әскер қатарында болған.Көп жылдар Доңызтау өңірінде ,Оймауыт,совхозында,Дияр фермасында механизатор болып жұмыс жасаған.Оймауыт,Дияр совхозында халыққа қызет жасап, бау-бақша егіп,тек қана мал шаруашылығымен айналысып келген елге ,тың егін шаруашылығының пайда болуына үлес қосқан азамат.Кеңес үкіметі құлап ,совхоздар тарап,ел жұмыссыз қалған кезеңдерде өз жеке малын өсіріп ,жеке кәсібімен айналысты.Мал бағып,егін егіп ,бау-бақша өсіріп,өз еңбегімен,өз отбасын адал еңбекпен асыраған және өз балаларында өз еңбегімен ,өз кәсібімен айналысуға баулыған азамат.Юри Мәтжанұлы/1942-1999ж/Ол Доңызтау өңірінде дүниеге келген.Совет Армиясында 1960-1963 жылдар аралығында әскери қатарында болған.Әскер қатарынан оралған соң Доңызтау өңірінде және Батыс-Қазахстан облысы Қаратөбе ауданында жүргізуші болып жұмыс жасаған.Москва гиофизикалық экспедицасында 1970-1974 жылдар аралығында жүргізуші қызметін атқарған.Геофизика экспедицясында 1975-1994 жылдар аралығында жүргізуші,1994-1997 жылдар аралығында Ақтөбе ауылшаруашылық училищесінде жұмыс жасаған. ИВАНОВ ВАСИЛИЙ МАТВЕЕВИЧ-1958 жылы ауырып қайтар алдында 7 молданы шақыртып «Куәлік етемін Алладан басқа Құдай жоқ және Куәлік етемін Мұхаммед Алланың елшісі екендігіне» деп бас жағында тұрған қасиетті Құранды ұстап «Мені мұсылманша жаназамды шығарып Доңызтаудағы «Тасқабақ» қорымында жерлеуді өсет еткен»- екен."Қапан қажы "мешітінің имамы Ж. Ыбыраш марқұмдардың рухына құран бағыштады. 1-ші Президентіміз Н.Назарбаевтың « Рухани жаңғыру» аясында өткізген шараларын ұрпақтары Қалыбек пен Ақкүмістің тілектерін Алла қабыл етсін!