Балжігітов Мейіржаның қажылықтан алған әсері

Атырау облысы Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылынан Қажылық парызын өтеу үшін 4 адам,Құлсарыдан 10адам,Қазахстан бойынша Мекке мен Мәдинаға аттанған 3000 отандасымыз толық елге оралды.
Жерлестерімізге 18 қажылық фирмасы қызмет көрсетті. Қазақстан Қажылық миссиясы жанынан құрылған уағыз-насихат, пәтуа, ақпарат, дәрігерлер тобы өзіне жүктелген міндетті атқарған екен.Бүгін Балжігітов Мейіржан қажымен шаңырағында дастархан басында жақсы сұқбатта болдық.Қасиетті Зәмзәм су мен Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)мүбарак қолымен еккен Әжуа құрмасынан дәм таттық. "Қапан қажы" мешітіне Балжігітов Мейіржан қажы қажылықтан алған әсерінен уағыз және қасиетті Мекке-Мәдиннадан арнайы әкелген Қасетті Құранның екі данасын "Қапан қажы " мешітіне сыйға тартты.Алла қажылықтарын қабыл етсін! Әмин.