"Елім ,жерім,отаным деп өмірін берген ата- бабаларымызға құран бағышталды.

Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылы тұрғындары Қасиетті Мұхаррам айында яғни 08.09.2019 жылы Жаратушыдан Қазахстанның амандығын, Шоқпартоғай жұртшылығының саулығын сұрап ауыл сыртына құрбандық шалып,дастархан жайылып "Елім ,жерім,отаным деп өмірін берген ата- бабаларымызды ауыл ақсақалдары бірлесіп, дұға жасап, Алладан тыныштық,береке,ауызбіршілік тіледі. Еліміздің тыныштығы, халқымыздың амандығы ең басты байлығымыз. Алла Тағала елімізді тыныштықта ,ауызбіршілікте,ынтымақта болғай деп ауыл ақсақалдары Тілекқабыл, Кәкім, Құлымжан,Қайырқос, ауыл ақыны Дүйсенбек Бөкенов өзінің жүрек жарды өлең шумақтарымен,Таласов Сайлау, «Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш және мешіт жастар жамағаты т.б,өздерінің тілектерін білдірді.. Осы жалған өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын. Алла тағала осындай сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! Әмин!