«СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ»

2019 жылы 20 қыркүйекте аудандық «Кең Жылыой» мәдениет үйінде 2019 жылдың 2 қыркүйегінде өткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы аудан активімен талқыланды.
Активке ауданымыздың ардагерлері, жергілікті атқарушы органдар басшылары, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері,аудандық Қоғамдық Кеңес, аудандық Қоғамдық келісім Кеңесінің мүшелері, құқық қорғау орган басшылары, бюджеттік және өндірістік мекемелердің, БАҚ өкілдері, "Жылой мұсылмандары мешітінің" бас имамы А. Исаев, "Қапан қажы" мешітінің имамы Ж. Ыбыраш, "Нұрқас-Сатыбалды" мешітінің имамы А. Сарсекенов, "Жаңа таң" мешітінің имамы Қанапия қатысты.
Жылыой ауданының әкімі Б.А.Бауыржанұлы өз кезегінде: 
2 қыркүйек 2019 жыл мемлекетіміздің ең маңызды күндердің бірі ретінде тарихта қалатыны белгілі. Осы күні Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа Жолдау жасады.
Онда елдің әлеуметтік саласын, білім беру мен денсаулық сақтау саласымен бірге мәдениет саласына айрықша көңіл бөлінгенін көреміз.
Ел бірлігі-тіл саясаты, халқы тату-тәтті салиқалы елдің ғана болашағы баянды болатынын дәйекті деректер келтіре отыра көп ұлтты мемлекетіміздің мемлекеттік тілі- қазақ тілі-ұлт аралық қатынас тіліне айналады.
Бүгінде жұмыс істеп жүрген адам зейнетақы жинақтарын пайдалана алмайды. Оны тек зейнетке шыққан кезде ғана алуға рұқсат бар. Бірақ ол ақшаның зейнетке дейін пайдаланамын дейтін адамды да түсінуге болады. Сондықтан үкіметке жылдың соңына дейін жұмыс істейтін адамдардың зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын", - деді Елбасы алғашқы жолдауды жариялау кезінде.
Аудан әкімі А.Б.Бекет: Бұл ауқымды Жолдау, өйткені, онда ел дамуының өте үлкен жоспарлары белгіленіп, халыққа мемлекет тарапынан зор көмектер жасалмақ деп, өз сөзін қорытындылады.