Жылыойдың мешіттері

Жылыойдың МЕШІТТЕРІ . Дін шариғатын үйретуде мешіттер үлкен роль атқарған. Өлкеміздегі дін таралымын зерттей жүргенде Жылыой жерінде алғашқы мешіттердің бірі 1648-1928 жылғы Тойсары мешіті болса керек.Қазір ол мешітті «СҰПЫ-АТА»мешіті деп атайды.Қараша елді мекенінің қасында.Ескі Жылыой кентінен Атырауға жұргендегі ең шеткі БОТАҚАН мешіті.Жаршықта Жалпақшағылдың Атырау бетіндегі құлауында таздарға ортақ мешіт болды.Мешітте бала оқытылды.Мешітті Рахметахун басқарған белгілі.20-жылдардың ортасында Шошқалыда ойшмешіті тұрғызды.Дінге басталған қысымның салдарынан мешіт пайдаланбастан қалды.Мешіт біразға дейін тұрған.Өнеркәсіптің кейіннен аудан орталығы болған ескі Жылыой кентінде ертеден екі мешіт жұмыс істеді. Қазақ мешітін жастабан таз Есмағанбет Аңсатбайұлы ахун басқарды.,ал татар мешітінің азаншысы Ақжігітов Ибраһим еді.Жемді жоғары өрлей жүргенде Арықкөлде Тұшмұхаммет атты Қаракемпір шеркештердің мешіті болды.Бір жыл жұмыс істеген бұл мешіт үйі көктемгі су тасқыны кезінде құлап,ол қайтадан көтерілген жоқ.Айранкөлде 20-жылдары аяғында мешіт салынып,онда алғаш латын әріпімен оқу оқытылған,бірақ бұл мешіт көпке созылған жоқ.30-шы жыл басталмай жатып қайта құлатылды.Бұл мешітті Нығымет Ермұхамметұлы басқарған еді.Алаша ауылы Қызылкөл биігінде мешіт ұстады,бұл мешітті «ҚОСЖАН МЕШІТІ» деуші еді. Жұрттың айтуынша хазірет атағы бар Қосжан Төлегенұлы мешітті едәуір ұстап тұрса керек.Дошет сияқты молдалар мешіт жұмысын басқарған,онда ағайынды Ермағанбет сияқты адамдар қызмет еткен.Жем өзенің содан кейінгі иінінде ЖӘРЕКЕ мешіті болған. Бүл кәтеней Қасымның рухани үйі болды. Мешітті Хазірет Жармұхаммет Қалманұлы басқарды. Кейіннен Жәрекеұлы соғыс және еңбек ардагері Нұржау/Нұрмағанбет/ молдалықпен айналысты.Ащыкөл жерінде алаша руының Бисенбайахун Қожахметұлы қызмет еткен мешіті болған. Мешіт 20-шы жылдар аяғына дейін жұмыс атқарған. Қарабала/Әбдірахим/Бисенбайұлы да діни қызметпен айналысқан.Бұрынғы «Ембі» кеншарының қазіргі Тұрғызба ауылының ортасына жақын Құмтоғай-Аққудың жерінде Қуан Білменбетұлының мешіті болды.Жемнің қысқа тарауы жылысқа жуық жерде имам Ермұхаммет Иманұлының мешіті болды. Бұл мешіт Жанғабыл Қосымдікі еді. Білім жолында жүріп 38 жасында Үргеніш жерінде қалған/көне үргеніштен 50 шақырым/ иман сол жасының ішінде ел құрметіне бөленген адам болыпты.Бұл мешіт осы күнге дейін «ЕРКЕБАЙ МЕШІТІ» атанды. Имам Әби Өтеумағанбетұлы Жем бойы адайлардың біраз ауылын қамтитын мешітке ие болды. Ал бұл жерде Адайдың негізгі бір тарауынан Қосай,екінші тарауынан Жеменей,Тобыш,Мұңал рулары ғана қоныстанған. «ӘБИ МЕШІТІ» Ақтайлақтағы Қоскөлде болды.Уықпай жерінде Шарға таздың мешіті болған. Бұл мешітті көп жыл Ақсерке шарға Аймурат ахун Жайықұлы басқарды.Бұл мешіттің беделі едәуір болғанға ұқсайды.Жем Құлсары кенті Тұсындағы қазіргі көпірдің батыс бетінде өзен бойындағы биікте «ДҮЙСЕКЕ МЕШІТІ»тұр.19-ғасырдың соңғы 10 жылында салынған. Мешітте Дүйсенбай қажы Дәбіғұлұлы бас имамдық атқарған,кейін мұны оның ұлы Нәби жалғастырған болатын.Жемнің Жылыой жеріндегі орта тұсында Жетіқара таздардың «ҚАРАҒАЙ МЕШІТІ» бар. Шамасы мешіт ағаштан қиып жасалса керек.Мешіт имамы Тәңірберген Науырызәліұлы болғаны белгілі.Жылыойдың жем өзені бойындағы Мырзағұл атаның қолдауымен шамамен 1775 жылдары салдырған «АҚМЕШІТ».Кейін баласы Бекет әулие/Баймағанбет/ ұстап ұстаздық етеді.Мырзағұл ұлының Жылыой жерінде қазіргі Ақмешіт төнірегінде дүниеге келген.Бекеттің әкесі Мырзақұл,шешссі Жәмия,ұлыТоғай, атасы Жаналы осында жерленген. Бұл мешіттің қанша жыл жұмыс істегені белгісіз.Қарақұмның Аққұдығында Бегімбет адайдың Қосжан ұстаған мешіті болған.Қосжан-ақын да болған адам екен,мешіт кеңес дәуіріне дейін келген.Құмның Қарашүнгілінде Ақбота адайдың Балмұхаммед имам бастаған ШОНҒАРААУЛЫ МЕШІТІ болды. Содан әрі қарай,Дүйсенбайахун Бектұрұлының тау бауыры Қосақырда Кенже адай «Әбдірахман мешіті» болды.Ақбота адайлардың Борқұдықта «Сарықасқа» атанған Төлегеннің ЕРСАРЫ МЕШІТІ,ескі Прорвада Ермағанбет/Мәмбеталы-Сүйішбек/мешіті жұмыс істеді.Мешіттер,дін иелері өз әлінше дүние танылымына,біліміне,өмір тәжербиесіне қарай халыққа қізімет етті.20 жылдың аяғында мешіттер қиратылып,дін адамдары жаппай қудаланды.,сотталды,атылды.Мешіт ұстамағандар да ,жай намаз оқыған діндар адамдардың балалары да зәбір көрді,оқудан шығарылды,жұмыс онынан алынды-деп жазған.
«Қапан қажы» мешітінің имамы-Ж.Ыбыраш