Жаназа және жерлеу рәсімдер кітабы талқыланды

Жаназа намазы – пенденің дүниедегі және өзгелердегі соңғы ақысы. Жаназасын шығару мұсылмандар үшін парыз. Өліге құрмет көрсету, арулап аттандыру – шариғат талап еткен іс. Осы орайда Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының бастамасымен «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітап жарық көрді. 29 қыркүйек күні Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы , "Қапан қажы" мешітінің Бас имамы Ж.Ыбыраш , жамағаттармен кездесу өткізді.
Кездесу кезінде «Қапан қажы» мешітінің Бас имамы Жамбыл Ыбыраш "Жаназа және жерлеу рәсімдері" ",Пайғамбар Ақидасы" кітабын таныстырып, қайтыс болған кісіні жерлеу, құдайы ас пен садақа берудің әдебі, ысыраптың алдын алу, шариғатқа қайшы әдеттерге жол бермеу керектігін, сондай-ақ алдағы уақытта менің ойымша деген сөзді азайтып, тек осы кітаппен амал ету қажет екендігін алға тартты. 
Ал бұл кітапта жаназа мәселесіне қатысты сауалдарға сұрақ таба аламыз. Алдағы уақытта кітапты кәдіге асырушылар көбейіп, халыққа пайдасы тиеді деп ойлаймын, — деді.
Кездесу соңында жамағаттар ұсыныстарын жасап, алдағы уақытта осы кітапты іс жүзінде іске асыруға ат салысатындарын айтты. Мешітке келген жамағаттарға ауыл имамы "Жаназа және жерлеу рәсімдері",Пайғамбар Ақидасы кітабын мешіт кітәп сөресіне бір бір данадан қойылды.