Жылыой ауданының орталық мешітінде дәрістер топтамасы басталды

Жылыой ауданының орталық мешітінде дәрістер топтамасы басталды. Ендігі жерде дінге қызығушылығы оянған азаматтар мешітке келіп, білікті ұстаздардан сабақ ала алады.

     «Бұл бастама Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұровтың жамағаттың діни сауаттылығын арттыру туралы тапсырмасына орай жүзеге асырылып отыр. Дәріс аптаның әр күнінде жүретін болады. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) тал бесіктен жер бесікке дейін білім іздеуді аманат еткен» дейді Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаев.