«Тұрғызба» мешіті




Атырау облысы, Жылыой ауданы, Тұрғызба ауылында орналасқан. Мешіт жеке кәсіпкер Еңсегенов Саматтың қолдауымен,қаражатына салынды.

Мешіттің іргетасы 2001 жылы қаланып, пайданалуға 2002 жылы 9-шы шілдеде берілді. Жалпы ауданы-90 шаршы метр . Мешіт 60 адамға арналған,екі қабаттан тұрады,1 намаз оқитын үлкен зал,1 әйелдер намаз оқитын бөлме,1 қабылдау бөлмесі бар . Мешіттің қабырғасының биіктігі -6 метр. Мешіттің 1 күмбезі , биіктігі -2 , диаметрі -4метр.Мешіттің ішінде жылу қазандығы,мешіт ауласында -1 су құдық, ер-әйелге арналған әжетханасы және құрал-сайман салуға арналған шағын сарайы бар.