Жамағатпен бірге болу
Атырау облысы,Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылындағы«Қапан қажы» мешітінде мешіт ұжымы және жастар жамағатының ұйымдастыруымен жұма намазынан кейін жамағаттарға арналып дастархан жайылды. Бұл шарада «Қапан қажы» мешітінің Бас имамы Ж. Ыбыраш жиналған жамағатқа өзінің әсерлі уағыздарымен бөлісті. Сондай –ақ ауылымыздың ақсақалдары бір мұсылман бауырыңызды Алла үшін жақсы көру және дұға мұсылманның қорғаны, жамағатпен бірге болу жайында жиналған жамағатқа уағыз насихаттарын айтты.