«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің «Астана медресесі» жеке мекемесі – еңселі Елордамыздағы отандық діни мамандарды әзірлейтін білім ордасы. 2007 жылдың 1 шілдесінде ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен ашылған медресе бүгінгі күнге дейін 300-ден астам орта буынды дін мамандарын әзірледі.
Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ІХ республикалық байқауы мәресіне жетті. 72 үміткер бақ сынаған байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегелерін марапаттау рәсіміне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти