Зекет береке бастауы
Өзара бауырмалдық пен жанашырлыққа, адамгершілік сынды адами сипатқа негізделген салауатты қоғам құруды мақсат ететін Ислам дінінде әр мұсылман баласына бес парыздың жүктелетіні белгілі. Осы бес парыздың бірі Зекет. Зекет сөзі Құран Кәрімде көбіне намазбен қосарланып келеді. Ислам дінінің негізгі тіректері ретінде де намаздан кейін келеді. Алла Тағала қасиетті құранда «Намаз оқыңдар және зекет беріңдер және елшіге