"Қапан қажы" мешітінде«Пайғамбарымызға 1 000 000 салауат» жобасы басталды

"Қапан қажы" мешітінде«Пайғамбарымызға 1 000 000 салауат» жобасы басталды

Барша мұсылманның жүрек төрінен орын алған сүйікті Пайғамбарымыздың (ﷺ) туған айын ерекше құрметпен қарсы алу игі дәстүрімізге айналғаны белгілі. Осы айдың құрметіне «Қапан қажы» мешітіне қарасты www.kapan-kazhi-meshiti.kz сайты «Пайғамбарымызға 1 000 000 салауат» атты тың жобаны іске қосты.
Пайғамбарымыз (ﷺ): «Салауатты көп айтқан адам Қиямет күнінде маған ең жақын адам болады» деген. Сондықтан  барша қазақ болып бірауыздан, бір мезгілде салауат айту арқылы Алланың мейіріміне, Пайғамбарымыздың (ﷺ) сүйіспеншілігіне бөленуге шақырып отыр. Бұл амал салауат айтуға атсалысқан әр адам сауапты амалға тамшыдай үлес қосса деген ниеттен туындап отыр.Салауаттың қысқа түрі: Аллаһуммә саллиғалә саийдинә уә нәбийнә Мухаммәд немесе Аллаһумма салли уа саллим ала набиина Мұхаммад.
Оқимын деп ниеттенген салауат мөлшерін 10-желтоқсанға дейін бітіру шарт.37000 қалды, сауаптан құр қалмайық ағайын.