Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы қала және аудан имамдарының есебін тыңдады

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының алдында қала және аудан имамдары есеп берді.

Жиын барысында жыл басынан бермен қарай атқарылған жұмыстардың есебі алынып, алдағы жылдың межесі сараланды.

Мәселен, Исатай ауданы «Зинеден Құрасұлы» мешітінің бас имамыШалқарДәулетханұлының айтуынша, жыл басынан бері ауданда жамағат алдындатүрлі тақырыптарда 2310 мәрте уағыз айтылды. «Уағыз-насихат жұмыстары 108 мың 720 адамды қамтыды. Есепті мерзімге дейін аудандық орталық мешіттің бастамасымен 7 мәрте қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды» дейді ол.

Қала және аудандарда атқарылған істердің есебін тыңдағаннан кейінимамдарыныңАтырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы алдағы жылдың жұмысжоспарын талқылады.

«Жақында ғана елордада өткен жиын кезінде мүфтият жұмысы үшін маңызы зор үш бірдей құжаттың қабылданғаны белгілі. «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізімі» және «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы біздің жұмысымыздың басты темірқазығына айналуы тиіс. Дінімізді адамгершілікпен, иманмен дәріптеу бағытындағы жобаларымыз жалғасады» деп атап өтті жиын барысында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Есеп беру жиыны кейін спорттық бәсекеге ұласты. Салауатты өмір салтын, бұқаралық спортты насихаттау мақсатында имамдар волейбол ойыны бойынша бәсекеге түсті.