"Нұрқас-Сатыбалды" мешітінде Мәуліт болды






01 Желтоқсан күні Атырау облысы,Жылыой ауданы,Қаратон кентіндегі «Нұрқас-Сатыбалды» мешітінде Мұхаммед/с.ғ.с/ ізгі өмірі зор ықыласпен ұлықталып,Мәуліт  мерекесі жамағат және ауыл тұрғындарының  белсене қатысуымен аталып  өтілді.
 Мәулітті «Жылыой аудандық мұсылмандары» мешітінің имамы А.Исаев  ұлағатты уағызымен ашты. Бас имамның мағыналы сөзі мен мәнді мысалдарын  ұйып тыңдаған қалың жамағат , жүректеріне иман нәр жинағандай болды.
Мәуліт мерекесін ұйымдастырушы «Нұрқас-Сатыбалды» мешітінің имамы Сарсекеев Ажок Саясатұлы және найб имам Реиймов Жалғас жиналғандарға мерекелік шараға келген қонақтарды жамағатқа таныстырып шықты. 
 Бас имамы Арман қажы мешітке толған жамағатты қасиетті Мәуліт айымен құттықтай отырып; «Мәуліт»-Пайғамбарымыз Мұхамметд Мұстафа/с.ғ.с/ -ның дүние есігін айқара ашып,қараңғы әлемге қуаныш нұрын ала келген күн.Осындай ерекше күнді бүгінде әлем мұсылмандары қуана тойлайды.Пайғамбарымыз/с.ғ.с/-ға сансыз салауат айтатын бұл күн қазақ жеріне де келіп жетті.Соңғы он бес жыл бойы тәуелсіз мемлекетіміз бұл мерекені өз денгейінде тойлап келеді.
Халықтың да ыстық ықыласына бөленген сүйікті елші Мұхаммед/с.ғ.с/ Меккеден Мадинаға көшкен кезде ол -  жұрт қанша күн сарыла жолын тосты. Пайғамбарымыз/с.ғ.с/-ды көргенде сағыныштарын әнге қосып; «Бізге толықсыған ай туды, бұған қалай шүкір етпессің ?» деп тебіренді. Пайғамбарымыз/с.ғ.с/-ды көру үлкен думанды мерекеге ұласты. Сүйікті елшінің Мадина қаласына келуінің өзі үлкен мереке болса, Оның әлемге келуі қалайша қуаныш мереке болмасын десеңізші. «Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш ғұламаларымыз Жалалуддин Суюти/р.а/ 1445-1505ж,айтады; «Бір үйде немесе мешітте пайғамбарымызға/с.ғ.с./ мәуліт оқылса, сол үйдің немесе мешіттің адамдарын періштелер орап алады. Олардың барлығына Алланың рахметі болады. Себебі періштелер пайғамбарымызға/с.ғ.с/ мәуліт оқығаны үшін ол адамдарға салауат айтып тұрар»,-дегенін және Хасан әл –Басри/р.а/642-728/ айтады; «Менің Ухуд тауындай алтыным болса,оны Расулаланың/с.ғ.с/ мәулітін оқытуға жаратқан болар едім»,-дегенін жеткізді.
Мәуліт мерекесіне арналған салтанатты кешке келген кент тұрғындарына «Пайғамбарымыздың/с.ғ.с/ соңғы құтпасы»турасында бине таспа көрсетіп,викторина ұйымдастырып,кент  ақсақалдары , «Тұрғызба»мешітінің имамы Қаражанов Саламат Сайынұлы « Баршаңызды Мұхаммед Пайғамбар/с.ғ.с/-дың дүниеге келген қасиетті Мәуліт мерекесімен құттықтаймын,әрдайым халқымыз аман,еліміз тыныш болсын !»- деген тілектерін білдірді.
 «Қапан қажы» мешітінің бас имамы Ж.Ыбыраш және «Жылыой мұсылмандары» мешітінің ұстазы А.Ыбырашев  жиналған халыққа «Мәуліт» оқып, осы шараға белсене араласқан жамағаттарға  «Нұрқас-Сатыбалды» мешітінің имамы А.Сарсекеев  рахметін айтып,ҚМДБ –ның тарапынан басылып шыққан кітапты тегін тарту етті.