ҚҰРАН оқу турасында Пайғамбарымыз(с.ғ.с) мүбарак хадистері.


« Құран оқыңдар, өйткені, расында ақирет күні ол өзін оқығанға шапағатшы болады» |Муслим| 
 «Құран үйренушілер мен оны үйретушілер сендердің араларыңдағы жақсыларың болып табылады» |әл-Бухари| 
 «Екі түрлі қасиеті бар адамнан басқа ешкімге қызығуға болмайды, олар: Аллаһ оған Құран білімін нәсіп етіп, оны күндіз-түні оқыған адам және Аллаһ оған байлық нәсіп етіп, ал ол оны күндіз-түні игілікке жұмсаған адам» |әл-Бухари, Муслим| 
 «Кім Құраннан бір әріп оқыса оған бір жақсы амал жазылады, ал әр бір жақсы амал үшін он сауап жазылады. Мен: Алиф, Ләм, Мим - бір әріп деп айтпаймын. Жоқ, Алиф бір әріп, Ләм бір әріп және Мим бір әріп» |ат-Тирмизи| 
 «Ішінде Құраннан еш нәрсе болмаған кісі - қираған үй секілді. 
|ат-Тирмизи|,                                                                                                                                                          Атырау облысы, Жылой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы "Қапан қажы" мешітінде Құраннан сабақ жүріп жатыр, Бесін, Құптан намазынан кейін "Ислам Тарихы  және Мұхаммед(с. ғ. с) өмірі" кітәбынан  дәріс жүруде. Мешітке келіп Құран үйреніңдер.