«Білімдінің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске асыр»

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы "Ырыс " кешенінде ауыл тұрғындары, мектеп мұғалімдері мен оқушылары, "Қапан қажы "мешітінің имамы Ж.Ыбыраш, мектептің ата аналар төрағасы Тілепов.М, мектептің қамқоршылар кеңесінің төрағасы С.Балжігітов, мектеп директоры Унгарбаева.Ш, жылой ауданы Білім бөлімі басшысы Ж. Қазиева қатысып "Бала тəрбиесі" тақырыбында əңгіме қозғалып, "Қапан қажы" мешітінің бас имамы Жамбыл Демеуұлы 9-11 сынып оқушыларына жəне мұғалімдерге айына екі рет имандылық туралы сабақ беруге ұсыныс жасады. Себебі Ақида,Фиқһ,Ахлақ сабақтарын білу бəрімізге парыз.Абай атамыз он сегізінші қара сөзінде: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де – ақымақтық...», – дейді. Түркі әлемінің мақтанышы Махмұд Қашқари бабамыз: «Білімдінің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске асыр», – десе, Осындай даналарын мақтан тұтатын халқымыз: «Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар» немесе «Оқу инемен құдық қазғандай», – деп білімнің оңай келмесін айтады. Қарап отырсақ, барлық ислам ғұламалары ілім кәусарынан сусындап, ұрпаққа өшпес мұра қалдырып отырған. Шынайы білім болғанда ғана өркендеп өсеріміз сөзсіз.