"Жылыой аудандық орталық "мешітінің жамағаттарының," Тегін такси"акциясын ұйымдастырды.

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы "Жылыой аудандық орталық "мешітінің жамағаттарының," Тегін такси"акциясын ұйымдастырды. Алла Елшісі ﷺ мына бір оқиғаны біздерге баяндайды: «Дүние-мал берілген адамдар тек қана төрт түрлі халде болады: Біріншісін - Алла Тағала мал-дүние мен біліммен ризықтандырды, ол Раббысынан абайлап, қорқып, туыстық қарым-қатынасты үзбей, мал-дүниенің хақысын беруді біледі, міне осы ең абзал дәрежеде. Екіншісіне - Алла Тағала білім нәсіп етті, бірақ та мал-дүниемен ризықтандырмады, алайда оның шынайы ниеті бар, ол былай деп айтады: «Егер менде мал-дүние болса ғой, мен міндетті түрде пәленшенің амалын істер едім», және оның ниеті рас, міне, осы екеуінің сауабы бірдей...». Яғни, Алла Тағала бізге мал-дүние бермесе де ниеттене беру қажет. Сол шынайы ниетіміз үшін мешіт салған, садақа берген, көпір салған, міскіндерді тамақтандырған,көлігімен ақысыз тасыған адамның сауабын біз де толығымен ала аламыз! Тек қана ниетімізде шынайы болуымыз қажет.Алла сауаптан жазсын!