Қиямет күні

Қиямет күні Алла сиырдан сұрайды екен: 
- Ей, сиыр, мен сені сиыр қылып жаратқаныма разысыңба? 
Сиыр: - Разымын, қой қылып жаратпағаныңа шүкір! 
Қойдан сұрайды екен: 
- Ей, қой, мен сені қой қылып жаратқаныма разысыңба? 
Қой: - Разымын, есек қылып жаратпағаныңа шүкір! 
Есектен сұрайды екен: 
- Ей, есек, мен сені есек қылып жаратқаныма разысыңба? 
Есек: - Разымын, шошқа қылып жаратпағаныңа шүкір! 
Шошқадан сұрайды екен: 
- Ей, шошқа, сені шошқа қылып жаратқаныма разысыңба? 
Шошқа: - Жоқ, разы емеспін. Сен мені харам қылып жараттың. Терімді, етімді харам қылдың. Адамдар мені көргенде жиіркенетін болды. 
Сонда Алла айтады екен: 
- Ей, шошқа, артыңа бір қара,- деп. 
Шошқа артына қараса, сан-санақсыз адамдарды көреді екен де, Алладан сұрайды екен: 
- Я, Аллаһым! Бұлар кім? 
Алла Тағала: - Бұлар Мұхаммед (с.а.у) тің бейнамаз үмметтері, - дейді екен. 
Сонда шошқа: - Аллаһым, шошқа қылып жаратқаныңа разымын. Мұхаммед (с.а.у) тің бейнамаз үмметі болып жаралмағаныма шүкір! - деп, айтады екен... 
Біз пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) намазхан үмметтері қатарында болайық, бауырлар! Əмин!