Марқұмдарға мешітте құран оқылды

[spoiler][/spoiler]Ассалаумағалейкум уа рахматулла! Шынында да бүгінгі оқиға баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Алла Тағала қасиетті Құранда: "Біз барлық нәрсені белгілі бір өлшемнен (тағдырмен) жараттық" деген. Жазмышқа ұшырап, қаза болғандардың артында қалған отбасыларына, тума-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. 
Апаттан аман қалған бауырларымызға Алладан шипа тілейміз. 
Бүгін Қасиетті  жұма күні Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы"Қапан  қажы" мешіттерінде арнайы дұға жасалды. Біздің міндетіміз ендігі жерде халық болып дұға жасау,Алладан шипа сұрау.
 Алла Елімізге тыныштық,береке амандығын берсін.