Апталық Құран хатым жасалды

Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы « Қапан қажы» мешітінде Құранға түскен шәкірттер арасында« Апталық құран хатым» жобасы басталған.      –Қасиетті Құранды бүгін жамағатпен оқып бітіріп 3-ші Құран хатымы жасалды. «Қапан қажы» мешітіне қарасты www.kapan-kazhi-meshiti.kz сайтына және Инстаграмдағы парақшаға Islam_kulsari.kz Құранның хатымы бейне таспаға жазылып, суретке түсіріп жариялап отырамыз. "Қапан қажы" мешітінде Құраннан,тәджуид сабақтары жүріп жатыр, Бесін, Құптан намазынан кейін "Ислам Тарихы  және Мұхаммед(с. ғ. с) өмірі" кітәбынан  дәріс жүруде. Мешітке келіп Құран үйреніңдер.Құран хатым оқыған барша жамағаттарына және "Қапан қажы "мешітінің жастар секторының басшысы Қ.Қиқовқа, мешіт имамы Ж. Ыбыраш ризашылығын білдіріп батасын берді.