Мешітте болмашы нәрсе үшін дауыс көтеру дұрыс емес.

Сайб ибн Иазид деген кісі былай дейді: «Мешітте тұрған едім бір кісі мені таспен түртті, қарасам Омар ибн Хаттаб екен. Ол кісі маған: «Анау екеуін шақырып келші»-деді. Ол екеуін оған алып келдім. Сонда Омар ол екеуіне: «Кімсіңдер» немесе «Қайдан боласыңдар»,-деді. Олар: «Тайф елінен боламыз»,-деді. Оларға Омар: «Егер сендер қаламыздан болғандарыңда (яғни, Медина қаласының тұрғындары болғандарыңда), Алланың елшісінің мешітінде дауыстарыңды көтеріп сөйлегендерің үшін, қаттырақ ұрып ескертер едім»- дегені бар.