«Мектепке жол-2018»

Үстіміздегі жылдың тамыз айының 1-ші күнінен бастап елімізде аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек ретінде жасалатын «Мектепке жол-2018» акциясы басталды. Қайырымдылық шарасы 30-шы тамызға дейін жалғасады. Осыған байланысты Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы » ауылдық мешіті игілікті істің қолдаушысы болуда. Мектеп табалдырығын аттағалы отырған 10 оқушыға қажетті оқу құралдарын берді және сөмкемен қамтыды. Олардың мектепке баруына толықтай жағдай жасады. 
Бас имам Жамбыл қажы Ыбыраш балаларға алдағы оқу жылында жақсы оқып, үлгілі, білімді, тәртіпті болуларына тілектестігін білдірді. Ата-аналарда қол ұшын беріп көмектескен азамат, N-16 сайлау округi бойынша 6-шакырылган облыстык маслихат депутаты Сисенов Айтпай Фандыбайулына ризашылықтарын жеткізді.