Әр істі сауапқа айналдыр!

Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітіне Айбек Алматұлы қасиетті Мекке-Мадинадан келген Құран кәрімді сыйлады,Қажылығын Алла қабыл етсін. Мешітте жүріп сөйлейтін микрафон болмай, қиналып қалып жүретін едік ,Тұрғызба азаматы Берекет бүгін сыйға тартып қуанып қалдық,кәсібіне Алла береке берсін.Жарық жүйеміз жасамай қалып еді, ауылымыздың азаматы Нұрсұлтан Қөбегенұлы бауырымыз бүгін алтын уақытын бөліп келіп жасап кетті,Алла разы болсын! Жүрекпен атқарылатын бір амал бар. Ол бар болғаны жүрегімізге әркез үңіліп, оны бақылауда ұстауымыз ғана. Ол – әрдайым ниетіңді дұрыстау. Сол арқылы сауапқа кенеле бересің.Мәселен, баршамыз ұйықтаймыз, тамақтанамыз, сусын ішеміз, киім киеміз, жұмысқа барамыз, базарлаймыз, дүкенге барамыз, туысқандарымызды аралаймыз - мұның барлығы күнделікті жасайтын амалдарымыз емес пе? Осы нәрсенің барлығын құлшылыққа айналдырып жіберуге болады екен. . Ол үшін сол істі бастамас бұрын Алланың разылығы деген ниет әзір болу керек. Яғни, ниетің әлемдердің Раббысы Алла Тағаланың разылығы үшін болуы тиіс