"Қара-Арна" селолық округінің әкімі Е.Елеусінов ауыл тұрғындарымен кездесті

Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай  ауылы «Қара арна» селолық округіндегі Мәжіліс залында ,Ауыл әкімі Е. Елеусіновтың төрағалығымен ауыл тұрғындарына осы жылдағы өзекті мәселелер туралы,халыққа керек мәліметтер
жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,көкректеріндегі жүрген сұрақтарына жауап берді. 2020жылдың 1Сәуірінен бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік  медициналық сақтандыру жүйесі енгізілетінін және халық медициналық көмектің кепілдік беруші көлемі және МӘМС пакеті шеңберінде алатын болатындығын Хасенова Гулмира Біржанқызы «Жылыой аудандық аурухананың» өкілі  дәрігер статистик және «Жылыой ауданы жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ тіркеу» бөлімшесінің басшысы Нұржарық Сағиұлы ауыл тұрғындарына түсінбей жүрген сұрақтарына жауап берді.»Қапан қажы» мешітінің имамы Қасиетті Құранда « Сендердегі әрбір нығымет Алладан» деп еске салды.Бұл игіліктердің  ішіндегі ең ұлы нығыметтің бірі және бірігейі-бастың амандығы мен қоғамның тыныштығы.Пайғамбарымыз/с.ғ.с./  «Кімде-кім үйінде/отбасының қасында/амандықпен ешкімнен қорықпай,дені сау және бір күндік тамағы болып таң аттырса,бүкіл дүние алдында жиналғандай болады»,деген.Бізге бұйырған ұлы нығымет-тыныштық пен тұрақтылықтың қадір –қасиетіне жетіп,шүкіршілік ете білу.Бүгінде әлемдегі кейбір елдерде бірлігінен ажыраған,басшысына бағынбай,туған елінің тыныштығын бұзған елдер қаншама? Бұл елдердің   тағдыры мұсылман халқы ретінде бізді де қатты қынжылтады.Сол себепті,осы нығметтерді сақтау,оған шүкір ету-бүгінгі мұсылманның борышына айналуы тиіс -деді.