Діни бірізділік мәселесі талқыланды



Атырау облыстық «Иманғали» мешіттен бастама алған «Қаралы үйдегі ас мәзірі және жаназа рәсімдері» атты іс-шараны аталмыш жиындағы мәселелерді қолдау мақсатында Жылыой аудандық мешітінде алқалы жиын өтті.

Жиынға Атырау қалалық «Құспан Молла» мешітінің бас имамы Э.Ғұмаров, аудан бойынша қызмет атқарып жүрген имам-молдалар, ардагерлер кеңесінің мүшелері, қажылар қауымдастық төрағасы, беделді ақсақалдар және зиялы қауым өкілдері қатысты.
- Жаназа мәселесіне келгенде, әр өңірде әртүрлі рәсімдер орындалып жүргені белгілі. Жаназа намазы – пенденің дүниедегі өзгелерден талап етер соңғы ақысы. Жаназасын шығару мұсылмандар үшін парыз кифая. Өліге құрмет көрсету, арулап аттандыру – шариғат талап еткен іс. Қазіргі қоғам-дағы өзекті мәселені ескерген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы мәселелердің жөн-жосығын көрсетіп, нақтылы пікір, пәтуалы сөз жеткізуді жөн санады,- деді Э. Ғұмаров.
Аудан ақсақалдары мәзірде көрсетілген әрбір мәселені мұқият зерттеп талқылады. Аудандық «Жылыой Мұсылмандар» мешіті жергілікті БАҚ беттеріне «жаназа және жерлеу рәсімдері» бойынша түсіндірме жүргізу қажеттігі айтылып, ұсыныс ақсақалдар тарапынан қолдауын тапты. Ас мәзірі бекітіліп «Кең Жылыой» аудандық газетіне арқылы аудан жұртына кеңінен насихаттау қажеттілігі айтылды. Осылайша, сауапты іс Жылыой жұртшылығына жол тартты. Жиынға қатысушыларға «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітаптың бір данасынан сыйға тартылды.