"Қапан қажы" мешітінде Құран хатым жасалды

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы "Қапан қажы" мешітінде жұма күні жамағатпен он бірінші Құран Кәрім хатымы жасалды. Қасиетті кітапты оқу – ең ұлы ғибадаттардың бірі және Аллаға жақындататын төте жол. Қараңыз ағайын! Дүниедегі амалдарымыздың ешбірі ескерусіз қалмақ емес. Алла тағала қасиетті Құранда:«Кім шаң-тозаңның салмағындай жақысылық істесе оны көреді, ал енді кім шаң-тозаңның салмағындай жамандық істесе оны да көреді»[7], –деген.
Қаншама ақынның өлеңіне арқау болған, ғылымның негізіне жол көрсеткен, жазушылардың мақалаларына тақырып болған Құран Кәрім сияқты кітапты ешкім жаза алмайды. Дүние жүзі жазушыларының кітаптары бір бағытта, бір тақырыптың төңірегінде ғана өрбіген. Алла Тағала Құранда:
«Оларға былай деп айт: Ант етейін, егер адамдар мен жындар мына Құранның ұқсасын жасау үшін жиналып, тіпті бір-бірін қолдап, күштерін жинаса да оған ұқсас бір кітап жаза алмайды»,[8]деген.
«Қапан қажы» мешітіне қарасты www.kapan-kazhi-meshiti.kz сайтына және Инстаграмдағы парақшаға Islam_kulsari.kz Құранның хатымы бейне таспаға жазылып, суретке түсіріп жариялап отырамыз. "Қапан қажы" мешітінде Құраннан,тәджуид сабақтары жүріп жатыр, Бесін, Құптан намазынан кейін "Ислам Тарихы   кітәбынан  дәріс жүруде. Мешітке келіп Құран үйреніңдер.Құран хатым оқыған барша жамағаттарына және  Арман қариға,Жауымбай,Даулетқазы ағаларымызға, мешіт имамы Ж. Ыбыраш ризашылығын білдірді."Алла қалаған пендесіне еселеп сауап жазады" (Құран кәрім, Бақара сүресі, 261-аят).