
«Ораз Серікбай Сатыбалдыұлы ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры болып тағайындалсын», – делінген Бас мүфти бұйрығында.
Институт ұжымына Бас мүфти бұйрығын ҚМДБ Діни істер және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет оқып берді.
Айта кетсек, Серікбай қажы Ораз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 2017-2020 жылдары төрағалық етті.