ТАЗАЛЫҚ ПЕН САҚТЫҚ – БАСТЫ НАЗАРДА





ТАЗАЛЫҚ ПЕН САҚТЫҚ – БАСТЫ НАЗАРДА
Атырау облысының мешіттерінде короновирус індетінен сақтану мақсатында сақтық шаралары қатаң қолға алынып, тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Әлемнің жүздеген мемлекеттерінің тұрғындарына қауіп төндіріп, мыңдаған жандарды құрығына түсірген короновирустан сақтанудың жолы – тазалықты сақтап, адамдардың шоғырлануын болдырмау.
Елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап облыстың барлық мешіттерінде сақтық шаралары бірден қолға алынды. Күніне бір рет арнайы құралдармен дезинфекция жасалып, бірнеше рет тазалап жуылады. Жұма намазы тоқтатылып, жамағаттың мешітке келуі азайған. 
Жылыой ауданы – Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітінде тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Есік-терезелер арнайы химиялық жуу құралдарымен тазаланып, ғимаратта қауіпсіздік толық сақталған. «Қапан қажы» мешітінің бас имамы Жамбыл Ыбыраш әлемге қатер төндірген дертпен күресте тұрғындарды ауызбіршілік пен сабырлықты сақтауға шақырды.
«Қапан қажы» мешітінің баспасөз қызметі