Құранның хатымы жасалды

Елімізде орын алған төтенше жағдайға орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және «Жылыой мұсылмандары» мешітінің бас имамы Қағазғалиев Жасуланның, барша дін қызметкерлеріне мүмкіндігінше Құранды үздіксіз хатым етуге үндеген болатын. Тыныштыққа бөленген жүрек Алланың тура жолына түсіп, Жаратушының рахымына бөленері ақиқат. Алла тағала бұл жөнінде Құран Кәрімде:
«Ей, адамдар! Тәңірлеріңнен сендерге Насихат, жүректегі дертіңе  дауа, мұсылмандарға тура жол және жарылқау келді»,[10]– деген. Ибн Масғуд (р.а.):«Құран Алла тағаланың әдеп мектебі. Құранға мықтап жабысып, шамаларың келгенше, Алланың көрсеткен әдеп жолын үйреніңдер. Ол – ашық бір нұр, дертке дауа, Құран – амал еткен адамға берік қорған, жолын ұстағанды адастырмайтын құтқарушы», –деген. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың дұрыс болуының өзі жер бетіндегі тыныштықтың басты талабы. Аты затына сай Ислам дінінің мағынасы бейбітшілік, тыныштық. Бейбітшілік, тыныштық орнаған жерде ырыс-береке, ауызбіршілік, өзара келісім болады. Сол бейбітшілікке апарар жол – Алланың кітабы. Алланың кітабын дұрыс сеніммен, ақылмен оқысақ, бүкіл түйікілді мәселенің шешімін содан табамыз. Ақыл шектеулі, демек шектеулі ақылмен Алланың шексіз құдіретін танып, білу мүмкін емес. Ақиқатты біз тек қана Алланың сөзінен ғана таба аламыз. Адам баласының ақылы жетпеген мына шексіз ғалам адамзат баласы үшін өзінің қызметін бір Алланың  әмірімен ұсынып отыр
 Үндеуге үн қосқан ҚМДБ Атырау облысы,Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітінің жамағатпен  он алтыншы Құран хатымы жасалды .  Қасиетті Құран аяттары төтенше жағдай аяқталғанша  оқыла береді.
«Қапан қажы» мешітінде жамағатпен бүгін Құранды толықтай аяқтап, хатым дұғасын жасады. Игі шараға «Қапан қажы» мешітінің имамы Жамбыл қажы Демеуұлы қатыстып,жамағатпен  бірге Алла Тағаладан күллі әлем халқының басына төнген індеттен сақтауын сұрап, арнайы дұға жасады.