Карантин кезінде құдайы ас өткізуге бола ма?

​​​​​📣📣📣Хабарлама! 
Құрметті жылыойлықтар! 
Коронавирус індетінің өршуіне байланысты, Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 29-наурыздағы №8 қаулысына сәйкес 2020 жылдың 30-шы наурызы сағат 00.00-ден бастап Атырау қаласы аумағына карантин жариялануын негізге ала отырып, өмірден озған жандардың жаназа-намазы, еске алу, шектік секілді садақалардың өткізілуі жөніндегі мәселелерді уақытша қысқарту жөнінде келесіні ұсынамыз:
1. Қайтыс болған адамдардың жаназа-намазын аз көлемді (10-15 адам) жамағатпен өткізу, жерлеуге қатысатындар саны 10 адамға дейін, 3 көліктен көп болмауы;
2. Жаназа-намазынан кейін жамағаттарды жинап, жерлеу асын және  3, 7, 40, 100-күндік, жыл толу қаделерін өткізуге уақытша тоқтату. 
Ескертпе: Ескертпелер орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы жауапкершілікке тартылады. 
Құрметті жылыойлықтар! Пандемияның алдын алу бойынша ауданымызда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Осыған байланысты, Сіздерден үйде болуларыңызды сұраймыз. ​​​​​Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімі
​​​​​​​8/71237/5-14-57