Рамазан айы мүбарак болсын

Əссаламу алейкум
Əлеумет! 
Ардақты Ағайын-туыс, Құда-жегжат, Көрші-көлем, Қатар-Құрбы, Жора-Жолдас!
Құрметті бауырлар! Алла Тағала бұйырса ертең Қасиетті Рамазан айының алғашқы күніне аяқ басып, "Ауыз бекітеміз.Жаратқан Жаппар Хақ Тағала барша момын-мұсылманның ниет-тілектерін, арман-мақсаттарын қабыл еткей! Қияметке дейін барлық үмметке Мейірімді, Рахымды Раббымыздың тура жолымен жүріп, Ахирет Пайғамбары Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с)-ның сүннет жолымен жəне Даңқты батыр  бабаларымыздың салып кеткен сүрлеу- соқпақ, ерлікке толы жарқын жолдарын жалғастыруды нəсіп қылғай! Барша мұсылман һəм Қазақ баласы бір-бірімізге кешірімді һəм қайырымды болайық! Құдай Тағала береке-бірлігіміз бен ынтымақ-татулығымызды арттырғай! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Əлемді алаңдатқан Індеттің беті қайтып, мамыражай тіршілік қайта орнап, мешіттеріміздің есігі айқара ашылып, Жұмада, Намаздарда Жамағатымызбен қайта қауышуды Раббымыз нəсіп еткей! Дұғада болайық, ардақты Мүмін-Мұсылмандар!
Ізгі ниетпен: 
Жамбыл қажы Ыбыраш. 
"Қапан қажы" мешітінің Имамы. 
Атырау облысы.Жылыой ауданы,
Шоқпартоғай ауылы.