Жылыой ауданында сәбилерге ерекше мерекелік көңіл күй сыйланды.

Жылыой аудандық орталық мешіті ұйымдастырған іс шара аясында балаларға мың дана тәттілер,   300 литр зәм-зәм суы, 100 литр шұбат және ажуа құрмасы таратылды.
«Бір-біріңізге сыйлық беріңіздер! Өйткені, сыйлық сүйіспеншілікті арттырады, жүректі кірбіңнен тазартады» деген. Балаларымызға қуаныш сыйлау арқылы, дініміздегі сүйіспеншілікті дәріптеп отырмыз” дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.