"31-мамыр саяси қуғын-сүргін жəне ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Бүгін, яғни "31-мамыр саяси қуғын-сүргін жəне ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы" Қапан қажы" мешітінің имамы Жамбыл Демеуұлы бесін намазынан кейін марқұмдарға Құран бағышталып, дұға жасалды. Алла оларды рахымына бөлесін! .Қуғын сүргінді және қызыл қырғынды ұйымдастырған атеисттердің зұлымдықтары тарихи жадымызда сақталуы міндет!

“Алла Тағала залымдарды білуші!” (Бақара сүресі, 95 аят)

Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с)
“Зұлымдық себебімен өлтірілгендер - шәйіт” - деп айтқан! (Нәсәи, Табарани Ибн Масғұдтан және Сувәйдтан жеткізген)

ҚУҒЫН СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА БІР ФАТИХА ҮШ ҚУЛҺУАЛЛАНЫҢ САУАБЫН БАҒЫШТАП ЕСКЕ АЛДЫМ. САУАБЫ ЖЕТІП, РУХТАРЫ ШАД БОЛСЫН!