Көкпен жердегінің барлығы Алланікі

Елімізде орын алған төтенше жағдайға орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кеше барша дін қызметкерлеріне мүмкіндігінше Құранды үздіксіз хатым етуге үндеген болатын.
 Алла адам баласының жәрдеміне мұқтаж емес. Алла тағала:
«Көкпен жердегінің барлығы Алланікі. Алла мұқтажсыз бай, мақтауға лайық»,– деген. Алланың дініне жәрдем беру арқылы адамдар бұл дүниенің сауабына кенелсе, ақыретте жазасы жеңілдейді. Ол жөнінде Алла тағала:
«Ей, мүміндер! Сендер Алланың дініне жәрдем берсеңдер, Сендерге Алла жар борлып, қадамдарыңды мығымдайды»,тағы бір аятта: 
«Егер, оларға (Алланың дініне жәрдем бергендерге) жер жүзінде үстемдік берсек, олар намаз оқып, зекет берер еді, жақсылыққа үндеп, жамандықтан тияр еді. Күллі істің соңы Аллаға тән», – деген.
Үндеуге үн қосқан ҚМДБ Атырау облысы,Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітінің жамағатпен жиырма сегізінші  Құранды толықтай аяқтап, хатым дұғасын «Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш жасады.  Алла Тағаладан күллі әлем халқының басына төнген індеттен сақтауын сұрап, арнайы дұға жасады."Қапан қажы"мешітіне қарасты www.kapan-kazhi-meshiti. kz сайты және Islam_Kulsari. kz инстаграм парақшасында  Құранның хатымы жариаланып тұрады.