ЗҮЛҚАҒДА АЙЫНА ТАЗАЛЫҚ ПЕН САҚТЫҚ






Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітінде Қасиетті Зүлқағда айына тазалық және короновирус індетінен сақтану мақсатында сақтық шаралары қатаң қолға алынып мешітімізге дизенфекция аппараты алынып, тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Әлемнің жүздеген мемлекеттерінің тұрғындарына қауіп төндіріп, мыңдаған жандарды құрығына түсірген короновирустан сақтанудың жолы – тазалықты сақтап, адамдардың шоғырлануын болдырмау.
 Елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап  мешітімізде сақтық шаралары бірден қолға алынды. Күніне бір рет арнайы құралдармен дезинфекция жасалып, бірнеше рет тазалап жуылады. Жұма намазы , жамағаттың мешітке келуі тоқтатылды. 
Жылыой ауданы – Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітінде тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Есік-терезелер арнайы химиялық жуу құралдарымен тазаланып, ғимаратта қауіпсіздік толық сақталған. «Қапан қажы» мешітінің бас имамы Жамбыл Ыбыраш әлемге қатер төндірген дертпен күресте тұрғындарды ауызбіршілік пен сабырлықты сақтауға шақырды.


«Қапан қажы» мешітінің баспасөз қызметі