ЖАНАЗА НАМАЗЫ мен ЖЕРЛЕУ РӘСІМІН өткізуге қатысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облыстық,Жылыой ауданды,Шоқпартоғай ауылы "Қапан қажы"  мешіті карантиндік іс-шараларды сақтай отырып, індеттің алдын алу мақсатында ел азаматтарын ЖАНАЗА НАМАЗЫ мен ЖЕРЛЕУ РӘСІМІН өткізуге қатысты төмендегі талаптарды орындауға және дін қызметкерлеріне ауыл тұрғындары барынша қолдау көрсетуге шақырады:   

Мәйітті жууды, кебіндеуді, жаназа намазын оқуды және қабірге қоюды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өткізу; 

Жаназа намазына, жерлеу ісіне қатысатын адамдарға бетперде тағуға, қол алысып амандаспау; 

Жаназа намазын ұзағымен 5 минут ішінде өткізуге, мәйітті жерлеп болғаннан кейін халықты көп ұстамай лезде қайтару; 

Зейнет жастағы кісілер, денсаулығы нашар немесе ауырып жүрген адамдар және мектеп жасындағы балалар жаназа намазына қатыспау керек; 

Жаназа намазына және қабір басында барлық қатысушыларды қосқанда 10 кісіден артық жиналмаған дұрыс. Шариғат бойынша жаназа намазын жамағат болып оқу міндет емес.

Жаназа намазын қоғамдық орындарда өткізбеу керек. Өйткені адам жүретін жолда жаназа намазын оқу – мәкруһ. Жаназа намазын арнайы орында оқыған дұрыс. 

Қабір басын көтеру, кесене салу және оны қоршау жұмыстарын тоқтатып, марқұмның басына белгі қоюмен шектелу керек.

Халықты жинап қонақ асын өткізуді, жерлеу рәсімінен кейін ас беруді, жетісі, қырқы, жылы т.б. Құдайы астарды елімізде эпидемиологиялық жағдай толық тұрақталғанға дейін тоқтату керек.  

 "Қапан қажы"мешітінің имамы Жамбыл қажы Демеуұлы