Туыстық қатынас

Алла Тағаланың осы дүниеде адам баласына берген сыйлықтарының бірі- бұл ағайын-туыстары.Жылағанда жұбататын, қиналғанда арқа сүйерің,  қуанғанда қуанышыңды бөлісетін,  өкпелесек  назыңды көтеріп  қателігімізді кешіре білетін тек ағайын-туыстарымыз ғана.Адамдардың барлығы ағайын-туыстай бола бермейтіні шындық.
Туыстық қарым-қатынасты халқымыз қашанда жоғары қойған. Ыбырай Алтынсарин атамыз : «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады».Сондықтанда бала тәрбиесінде туыс-туғандарға деген мейрімділік, жанашырлық көрсетіп тәрбиелеу басты міндет. Себебі туысқандық қарым-қатынасты нығайту дініміздегі негізгі қағидалардан, ал олармен қарым-қатынасты үзу дінімізде қатаң тиым салынған істерден болады. Жалпы Жаратқаннан шынымен қорқатындар туысқанын сыйлап, олармен тығыз байланыста болғандар.
АллаТағалақасиеттіҚұранда «Ниса-1»
«Алладан қорқыңдар, туыстық байланысты үзуден сақтаныңдар. Күдіксіз, Алла сендерді бақылап тұрушы» - деп бұйырады.
Сонымен  қатар Құран Кәрімде «Бақара -177»
«Жүздеріңді шығысқа, батысқа жөнелту бір игілік емес. Бірақ кім Аллаға, ақырет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе және туыс жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, жолда қалғандарға, сұраушыларға және құлды азат етуге жақсы көре отырып, мал сарп қылса, әрі намазды толық орындап зекет берсе, өзара байласқан уәдесін орындаушы, таршылықта, қиыншылықта және соғыс кезінде сабыр етуші болса, міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар»,– деп баян еткен.
Осы бір аяттан Аллаға, ақырет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтіргеннен кейінгі игілікті істің не екенін және жетімдерге, міскіндерге, жолда қалғандарға, сұраушыларға малды сарп ету мен құлды азат етуден бұрын туыс жақындарға жақсылық жасаудың алдыңғы орында екендігін аңғарамыз. Өйткені, жоғарыдағы аятта туысқандар реттік жағынан жетімдердің, міскіндердің, жолда қалғандардың, сұраушылардың және құлды азат етудің алдында айтылып, ол шыншылдар мен тақуа жандардың іс-әрекетінен екендігі баяндалған.
Алла елшісі «Алланың игілігі мен сәлемі болсын»
Әнас ибн Мәліктен, Пайғамбарымыз  «Кім ризық-несібесінің көбеуің және ғұмырының ұзақ болуын қаласа, ағайын-туыстық қарым-қатнасын күшейтіп, оған қарайлассын» -деген.
Пайғамбарымыз «Уа адамзат! Өзара сәлемді жайыңдар, аш-мұқтажарды тамақтандырыңдар,  туысқандармен болған байланысты үзбеңдер, адамдар түнде ұйықтап жатқанда тұрып намаз оқыңдар.Міне, сонда аман-есен  жәннатқа кіресіңдер», –деп те айтқан.
Бұлхадистежаннатқакіретінжолдарынжеткізген. баяндалыпотыр, яғнитөрт  құлшылықтыорындасаңжәннатқааманесенкіресіңдердепайтыпотыр. Соларданалғашқысысәлем беру оданкейінтамақтандыру, оданкейінтуғантуысқандарменқарым-қатнастыүзбеу, түнгінамазғатұруынайтыпотыр.
Қазақхалқытуыстықбайланыстыерекшебағалаған. Халқымыздыңболмысынбасқаларданерекшелейтінбірден-бірқасиет осы туыстықбайланысдеуге де болады. «Ағайын тату болсааткөп, абысын тату болса ас көп» депағайынарасындағытатулықтыңсақталуынқоғамбірлігініңбастыалғышартыдепқараған. Солсекілді «мал қонысын, ер жігіттуысыніздейді» депқашандатуыстыққатынастыүзбеугешақырыпотырған.
Біздің қазақ ежелден ағайын арасында енші бөлмей, елдің бірлігі мен берекесін қатаң сақтаған, ағайынгершілікті дамытқан мұсылман елдерінің бірегейіміз. Ауыл арасындағы той-томалақтан бастап айшылық жерлердегі тумаларымыздың өлім-жітімінде де ағайынгершілікпен атқарар салт-дәстүрлеріміз  көптеп кездеседі.  Біздің атқарып жүрген ағайын аралық сан түрлі тамаша дәстүрлерімізді «Ағайыннның қадірі торқалы той, топырақты өлімде» деп бір ауыз сөзбен ғана бекіткен елміз. Түптің түбі Алланың бұлжымас заңдылығы туыс-туғанмен қарым қатынасты үзбеуді өмірлік ұстанымызға айналдырған халықпыз.
Екі дүниенің бақытын ойласақ, дұғаларымыздың қабыл болуын қаласақ жақындарымызбен  жақсы қатынаста болайық.  Бүгін бар, ертең жоқ өмір. Демек, бүгін ренжіткен ағайынға ертең зар боп мәнгілікке айырылып қалуымыз  мүмкін. Қазіргі таңда қоғамымызда дұрыс тәрбиеден шалыс, имандылықтан қалыс қалған кей адамдардың арасындағы туысқандық қарым-қатынас үзілуі бізді қатты ойлантады.  Қаншама ғасырдан бері қасиетті Құран мен Пайғамбарымыздың  асыл хадистерінен нәр алып, сусындаған ата-бабамыз туысқандық, қарым-қатынасқа ерекше мән берді емес пе?
Кейбір жандар адамның көлеңкесі секілді жеткізбейтін қу дүниенің соңынан еріп, айналасындағы қоғамнан ұзақтап, жалғыздыққа ұшырайды. Әрине, тепсе темір үзетін жас кезінде өз бойында орасаң зор өмірлік күш-жігері болғандықтан, ешкімге мұқтаждық туындамайды. Алайда тұла бойынан күш-қуаты кетіп, кәрілік келіп, дене мүше қақсап ауырғанда яки бір пәлекетке душар болып, мұқтаждық туындаған уақытта ешкімнен жәрдем ала алмай, өзінің жалғыз екенін сезінеді.
Жаратушы Алла адам баласының жаратылысын жақсы білгендіктен қоғам ішіндегі қарым-қатынасты бекем ұстауды былай бұйырады:
«Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған ешкімді серік қоспаңдар. Әке-шешеге, туыстарға, жетімдерге, кедей-кепшіктерге, жақын және алыс көршіге, жаның дағы жолдасыңа, қаражаты таусылған жолаушыға,  қолдарыңдағы қызметшілерге жақсылық жасаңдар. Алла дандайсыған тәкаппарларды жақсы көрмейді» - деген. «Ниса-36»
Сондай-ақ, Алла Тағала ағайын туысқандарға қарайласып, қолдары қысқарып, қажеттілік туындағанда, оларға қол ұшын беруді Құранда
«Негізінде Алла сендерге әділетті болуды, игілік жасауды және ағайын-туысқанға қарайласуды бұйырады» - деп ескерткен. «Нахыл-90»
Осы тәрізді аяттарға құлақ асқан дана халқымыз: «Өле жегенше, ағайынмен бөле же», «Туысы бірдің қонысы бір. Туысы бірдің уысы бір», - деп ұл-қыздарына ақыл айтып отырған. Ислам жолымен жүріп, қасиетті Құран мен ардақты пайғамбарымыздың  асыл хадистерінен нәр алып, сусындаған ақын бабамыз Мәшһүр Жүсіп:
Аманыңда елжіреп, мақтайтын да ағайын,
Алыстамай айналып, жақтайтында ағайын.
Ауырыңды жеңіл ғып, жоқтайтын да ағайын,
Еркелетіп бетіңнен, қақпайтын да ағайын.
Данагөй ата-бабамыз ағайын-туыстардың өзара татулығы мен бірлігіне шақырып: «Ағайын жақсы болса – қанатың, ағайын жақсы болса – санатың», «Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда әр туысың болсын», «Мал қонысын іздейді, ер туысын іздейді», – деп туысқандық байланыстың маңыздылығы мен парқын жете түсінген, «Туғаныңмен сыйыспасаң, кең дүниеге сыймассың», – деп те ескерткен.
Әлбетте, туыстық қарым-қатынас тұрғысында ең сауапты іс ол жақсылыққа шақыру, жамандықтан қайтару, туысыңды осы арқылы өзімен бірге жетектеп жаннатқа алып кіру екендігі сөзсіз.Туыстық қарым-қатынас Алла разы болатын іс болғандықтан, дүние мақсатында қылынбайды. Яғни, туыстық қарым-қатынас, туысым маған келді, мен оған барамын, маған берді, мен оған қайырып беремін деген түсінікті қамтымайды.Керісінше қарым-қатынасты үзген туысқанымен Алла үшін деп ғана қарым қатынас жасалса құны артады. Араға кірбің түсіп, араз болсаңда немесе ағайының азар көрсетуің тоқтатпаса да туыстық қарым-қатынасты үзбеу ол шариғи бұлжымас заңдылық болып табылады.
Ата-бабамыздың даналықпен айтқан сөздерімен қоса, оны атқаруда ұстанған салт-дәстүрлеріде кісі қызығарлықтай. Мысалға; қазақта туыстық шеңберлерді білдіретін, үш жұрт бар; нағашы жұрт, қайын жұрт, өз жұрты. Сондай-ақ шариғат шеңберінен де шығып, арыға кететін жеті ата сақтау үрдісі бар. Осы арқылы «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»,-деп,  туыстық қарым-қатынасты шеңберінен кеңінен сызып жатады. Тіпті, қыз алысып, қыз беріссе де, үш жүзге енші бөлмей, елдің бірлігін, ағайынгершілікті дамытқан мұсылман елдерінің бірегейіміз. Ауыл арасындағы той-томалақ, өлім-жітімдерде де ағайынгершілікпен атқарар салт-дәстүрлеріміз көптеп кездеседі. Яғни, Алланың бұлжымас заңдылығы туыс-туғанмен қарым қатынасты үзбеуді өмірлік ұстанымызға айналдырған халықпыз.
Туысқандар ата-анаға жақын ағайын адамдар. Сондықтан да дін ислам тұжырымы бойынша, ата-анадан кейiнгi орын соларға тиесiлi. Олармен қатынасты үзбей керiсiнше нығайту, қарайласу мұсылманның дiни мiндетi. Туыстық қатынасты үзген кісі қандай жақсы амалдарды жасап жүрсе де ақыретте,  Алла Тағаланың құзырында ауыр жағдайда қалады. Өйткені, бірде-бір жақсы ісі қабыл болмайды.  Барша жақсы істері тіпті қажылығы мен ұмрасының да сауабы бекерге кетеді. ЕңжаманыАлланыңрахматынәсіпболмайды. Өйткені Алла: «Мұхаммад- 22-23»
«Демек, сөздеріңнен тайқып,  Алладан сырт айналмақ Һәм  жер бетінде бұзақылық  жасап, араларыңдағы туыстық қатынасты үзбек екенсіңдер ғой?! Алла ондайларды рақымынан аластап, құлақтарын естімейтін тас керең, көздерін көрмейтін көр соқыр етіп қойды» -деп, қатаң ескерткен.
 Қорыта айтқанда, дініміз бен дәстүріміз негізін салып кеткен, шынайы сүйіспеншіліктен айрылмасақ, болашамығыз жарқын, келешегіміз кемел болары анық.