Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

1.Күллі әлем мұсылмандары сағына күткен екі ұлық мерекенің бірі Құрбан айт мейрамынада санаулы күндер қалды. Ғасырлар бойы ата бабамыздың қанына сіңіп бұзылмас дәстүрімізге айналған ұлық мерекеміз жыл санап жүректер мен амал әрекетімізде жаңа бір деңгейде жандана түсуде.
Құрбан араб тілінен аударғанда жақындау деген мағынаны білдіреді. Яғни сауапты істер жасау арқылы жүректі тазалап  Аллаға жақындай түсу.
шариғаттағы терминдік мағынасы — «шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды.
Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар адамның ішкі жан дүниесінің таразыға түсетін кезі деседе болады. Себебі адам баласы қамшының сабындай қысқа өмірде өзін ғана ойламай өзгегеде қол ұшын созып сараңдығымен жомарттығы сыналған уақытта қара бастын қамына ғана емес қара халықтың жанына жақын болуы Құдай тарапынан құптарлық іс екені баршасына аян. Өйткені Пайғамбарымыз көршісі аш кезде өзі тоқ түнеген адам бізден емес деген.Пайғамбармыздың хадисінде «Құрбан айт күні адам баласының ізгі амалының Алла Тағалаға ен сүйіктісі құрбандық қойды сою. Шындығында қиямет күні сол қойдың мүйізі, жүні және тұяқтары алып келінеді. Ағызылған қаны Алланың қалауымен жерге түспестен бұрын бір жерге түседі, олар соған қатты қуанады» Имам Тирмизи риуаят қылған хадисте «Пайғамбарымыз ораза айт намазына тамақ ішпей бармайтын, құрбан айт намазына тамақ ішпей баратын еді»
                                                   Ескерту!
Өкінішке орай биыл еліміздегі карантин жағдайына байланысты мешіттерде айт намазы оқылмайды.
Құрбан шалу кімге уәжіп?
Құрбан шалу уәжіп болу үшін төмендегі мына шарттар болуы қажет.
  1. Мұсылман болу;
  2. Құрбан айт уақытында жолаушы болмау;
  3. Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болу. Нисап мөлшері – 85 грамм алтын немесе құнына тең келетін ақша.
Ескерту: Нисап мөлшерінде артық қаражаты болмаса да кедей мұсылман кісінің құрбан шалуына болады. Шалған құрбандығы нәпіл құрбан үкімінде болады.
Құрбан шалудың уақыты:
Құрбан шалудың уақыты құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Қандай да бір маңызды шариғи себепке байланысты құрбан айт намазына бара алмай, айт намазын оқымаған кісі намаз оқып болатындай уақыт өткеннен кейін құрбанын шала беруіне болады. Айт намаздан бұрын шалынған мал құрбандық болып есептелмейді.
2. Құрбандыққа жарамды малдар:
Қой, ешкі, сиыр және түйе малдарын ғана құрбандыққа шалуға болады. Құрбан ретінде шалынатын қой және ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жасар, түйе бес жасар болуы керек. Алты-жеті айлық тоқты бір жасар қой сияқты семіз, етті болса, құрбандыққа шалуға жарайды. Қой мен ешкінің еркегін, сиырдың ұрғашысын шалу абзал.
Қой немесе ешкіні тек бір адам құрбан ретінде шала алады. Ал сиыр немесе түйені яғни, ірі қараны бір кісінің жалғыз өзі үшін шалуына болады. Сондай-ақ жеті кісіге арнап, ортақ шалуларына болады. Құрбанды ортақтасып шалған уақытта әрбір адам құрбан шалу ниетімен ортақтасуы керек. Бір кісі құрбан үшін, ал екінші бір кісі тек қана етін алу ниетімен ортақтасса, шалынған мал барлық ортақтар үшін құрбан болып есептелмейді.
Құрбандыққа жарамайтын малдар:
Мынадай кемшілігі бар малдар құрбандыққа жарамсыз болып саналады.
  • Бір көзі соқыр
  • Сойылатын жерге жете алмайтын дәрежеде көтерем
  • Құлағы немесе құйрығы тумадан жоқ немесе басым бөлігі кесілген
  • Тістерінің көбі түсіп қалған
  • Емшектерінің басы жұлынып қалған
  • Бір мүйізі немесе екеуі де түбінен сынған.
Құрбан шалуы уәжіп болған кісінің құрбандық малында аталмыш кемшіліктердің біреуі сатып алғаннан кейін пайда болса немесе алған малы өліп қалса, қайтадан құрбандыққа жарайтын мал сатып алып шалуы керек.
Құрбан шалуда өкілдік:
Құрбандық малын мүмкіншілік болса, мал иесі болған адамның өзі шалғаны абзал оның сауабы мол. Алайда өзге біреуге өкілдік беруіне де болады. Құрбан шалуы уәжіп кісі басқа бір адамды телефон арқылы немесе  хат сияқты жолдармен өзінің орнына басқа адамды өкіл ретінде құрбан шалуы үшін тағайындай алады. Өкілге «менің орныма құрбан алып, шал» деп айтылған уақытта, өкіл сол адамның атына құрбан алып шалады.
Құрбан малы қалайша алынады?
  • Құрбан ретінде шалынатын малды қинамау үшін, өткір пышақ қолдану керек. Малды сою үшін жерге жатқызғаннан кейін пышақты көз алдында жалақтатып, қайрау – мәкрүһ. Ал, қинамай сою – сүннет.
  • Құрбан ретінде шалынатын мал құбылаға қарата жатқызылып, дұға ретінде мына аят оқылғаны абзал:
Оқылуы: «Инна  салати уа нусуки уа махиаиа уа мәмәтилилләһи Раббил ‘аламина ләшәрикаләһ»
Мағынасы: «Менің намазым да басқа ғибадаттарым, өмірім де, өлімім де бүкіл әлемдердің Раббысы бір  Аллағаарналады. Оның  еш серігі жоқ».
«Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар лә илаһа иллаллаһу, Аллаһу әкбар,  Аллаһу әкбар уалиллаһил-хамд» – деп, тәкбір айтып, «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» – деп бауыздалады. Тек қана құрбанның иесінің ғана «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» – деуі жеткілікті емес. Құрбанды бауыздаған адам да «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» – деуі керек. Сойылатын мал құрбан ниетімен бауыздалу керек.
Құрбандыққа шалынған малдың етін бай немесе кедей болсын құрбан айтта шалған құрбандығының етін жеуіне болады. Құрбандыққа шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату –мұстахап. Бір бөлігі – туған-туыс, көршілеріне бай болса да сыйға тартылады, екінші бөлігі – кедей және мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі – өзінің отбасына, бала-шағасына беріледі. Бірақ шалынған малды түгелдей кедей-мұқтаждарға таратуға болатыны сияқты, түгелдей өзінің отбасынада қалдыра алады.
Құрбандыққа шалынған малдың етін, терісін, сирақтарын, басын және сүтін сату – мәкрүһ. Құрбан малының аталмыш бөлшектері сатылған жағдайда құны кедейлерге садақа ретінде беріледі. Құрбандыққа шалынған малдың терісін кедейлерге, қайырымдылық қорларына беруге болады.
Көз жұмған кісі үшін құрбан шалуға бола ма?
Өлген кісі өзінің атына құрбан шалуды тапсырып кетпесе де, сауабын өліге бағыштау ниетімен құрбан айт күндерінде құрбан шалуға болады. Шалған құрбанының етінен жеуіне рұқсат. Бірақ өлінің тапсырып кеткен өсиетін орындау ниетімен шалған құрбанының етінен жеуге болмайды. Етін толық садақа ретінде тарату керек.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазіргі еліміздегі карантин жағдайына байланысты жұқпалы аурудың таралуына орай, адамдар құрбандық кезде топтасып жиналмауы үшін сақтық шараларын негізге ала отырып құрбандықты онлайн шалу жүйесін ұсынып отыр.
Qurban2020 сайты арқылы өз өңіріңізді таңдап әрі қарай құрбандық үшін малдың түлін таңдағаннан кейін көрсетілген есеп шотқа қаражатыңызды аударасыз. Мешіт тарапынан бекітілген жауапты маман сіздің атыңыздан қалаған малыңызды құрбандыққа шалып видеохабарлама жібереді. Әрі құрбандық еті толықтай мұқтаждарға таратылатын болады.
Ескерту! Құрбандық еті мұқтаждарға мешіттен таратылмайды. Егер сіз мұқтаж отбасы болсаңыз  Qurban2020 сайтына тіркелесіз. Әрі қарай тіркелген мұқтаж отбасына, бекітілген адам құрбандық етін үйіңізге жеткізіп беретін болады. 
Құрбан айт күндері мұсылман адам жақсы киімін киіп, ер адам көшеге шығарда  хош иісті әтірлер себініп, әр адам өз отбасына осы күндері ерекше сыйлықтар жасап, бала шағаны шад шадыман етіп қуандырғаны абзал болады. Мүмкін болса үйде дастарқан жайылғаны дұрыс болады.
Алла тағала елімізге амандық жұртымызға тыныштық беріп, халқымыздың  бірлігін арттырсын!
Жылыой аудандық мешітінің Бас имамы Жасұлан Қуанышұлы