Құрбан айт баршамызға құтты болғай

Келе жатқан құрбай айт баршамызға құтты болғай!! "Қапан қажы"мешіті атына ашылған желілерге түскен сұрақтарға қысқаша жауап берейін. Құрбан шалу кімге міндет? Құрбан шалу жағдайы бар мұсылманға міндет. Жағдайы келмей тұрған, айлығы шайлығына жетпей тұрған мұсылманға, құрбан шалуы міндет емес. Құрбан шалудың сауабынан қалыс қалмау үшін 6 айға толмаған қозыны не тауық, үйрек, қаз секілді үй құстарын шалып, қан шығару дұрыс емес. Бұл құрбан шалудың талабына қайшы. Құрбан шалу үшін шариғат бекіткен ереже бойынша дені сау, қой мен ешкі 1 жасқа толған болуы керек. Егер 6 айдан асқан тоқты болып, ол да ірі, семіз болса құрбандық ретінде шалуға болады. Ал 6 айға толмаған қозыларды құрбандыққа жарайды деп сату күнә. Бағасы арзан қолжетімді деп қозыны сою құрбандыққа есептелмейді. Бұл шариғат бекіткен ереже. Адамның көңіліне қарап, талапқа сай келмейтін малды союға болады деп ешбір дін адамы рұқсат бере алмайды. Құрбан айт күндері 6 айға толмаған қозыларды құрбандыққа шалмақ болған азаматтарға ескертейік. Егер талапқа сай малды алуға ақшаңыз жетпесе, сізге онсызда құрбан шалу міндет еместігін ұмытпаңыз.Бүгін Қасиетті Зұлқиджа айындағы Арафа күні Алланың қалауымен 5-ші Құранның хатымы "Қапан қажы" мешітінде жасалды. Алла бізді, отбасымызды, елімізді жаман індет, аурудан бәрімізді сақтасын! Арафа күні ұстаған оразаларың, жасалған дұғаларың қабыл болсын!