ҚҰРАН АДАМДЫ БАҚЫТТЫ ЕТЕДІ 

 Қазіргі психология пәнінің оқулықтарында «бақыт» термині – өз өмірінен қанағаттанушылық сезімін сезінген адамның психологиялық көңіл-күй ауаны деп түсіндіріледі. Демек, бақыт – жүрегің мен көңіліңнің тыныштыққа бөленуі. Жүрек түзелсе, өмір түзеледі: «Расында, денеде бір кесек ет бар, ол түзу болса, қалған дене бүтіндей түзеледі, ол бұзылса қалған дүние түгелімен бұзылады. Біліп қойыңдар, ол – жүрек». Ал, жүрек Құран оқумен тыныштық таппаушы ма еді? «Солар – иманға келгендер және Алланың еске салуымен (Құранмен) жүректері тыныштық тауып, орныққандар. Біліңдер! Жүректер Алланың Еске салуымен (Құранмен) тыныштық тауып, орнығады». Тәпсір саласының бірқатар ғалымдары аяттағы «Еске алуды» Құран деп түсіндіреді. Құран аяттары және ондағы хикметті өсиеттермен танысқан жүрек онымен тыным тауып, орнығады. Өйткені, ол аяттар бұлжымас ақиқатты, көз жеткізер айғақ, дәлелдермен куәландырады. Мұның бәрі адам жүрегіне тыныштық әрі айқын сенімділік сыйлайды. Бұл ілімді кемшілігі болмаған әрі кемел сипаттарға ие Құраннан ғана табуға болады.Бүгін Алланың қалауымен 6-ші Құранның хатымы жасалды. Алла бізді, отбасымызды, елімізді жаман індет, аурудан бәрімізді сақтасын!

"Қапан қажы" мешітінің имамы Ыбыраш Жамбыл Демеу ұлы