Жылыой ауданында жамағат футбол турнирінде бақ сынасты


29 қыркүйек, 2020 жыл. Жылыой аудандық орталық мешіті жамағатының қатысумен қайырымдылық мақсатында кіші аяқ добынан турнир өтті.

Турнирге Жылыой орталық мешіті жамағаты  Сағыз ауылдық округ жамағаты және Жылыой ауданына  қарасты Қосшағыл, Қаратон, Ақкиізтоғай ауылдарынан командалар құрылып екі күнге жалғасқан тартыста “Бірлік” командасы 1 орынды иеленді.
Жылыой аудандық орталық мешітінің бас имамы Жасұлан Қуанышұлы турнирге қатысушы жамағатқа жақсылық тілеп, бірлігімізді арттыратын осындай қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастыру қажет екенін жеткізді.
Шара соңында арнайы алғыс хаттар табысталды.