1 қазан – Халықаралық қарттар күні құтты болсын!



Қартаймайық - жасарайық. Қартайғанды - аялайық.
Алланың қалауымен бүгін аулымыздың қариялары 87 жастағы Оразғалиев Жақсылық,Бөлекбаев Әнен, Ыбырашев Демеу қажының үйлеріне зират жасап жақсы әңгімелерін тыңдап қайттық.Алла қаситетті Құранда «Раббың бір Өзіне ғана құлшылық етуді, ата-анаға барынша жақсылық жасауды үкім етті. Егер олардың біреуі немесе екеуі бірдей қолыңда қартайса, (оларды ауырсынып немесе жақтырмаған сыңай танытып) тіпті «Түу!» деп те кеюші болма, сондай-ақ оларға зекіп ұрыспа! Керісінше, оларға жанға жағымды жылы сөз айт!» («Исра» сүресі, 23-аят) 
Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с мүбарак хадисінде «Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетпеген – бізден емес» (хадис)
«Уа, Раббым! Олар мені бала күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, Сен де оларды дәл солай мейіріміңе бөлей гөр!»