Діни радикализм мен экстремизмнің әсеріне қарсы иммунитет қалыптастыру









Жылыой ауданына қарасты Шоқпартоғай ауылында «Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраштың шақыртуымен "Жылыой мұсылмандары" мешітінің ұстаздары Алуадинов Бағдат, Байымбетов  Алмат Балықшиев Думан барып Қапан қажы мешітінің  жамағатына және ауыл жастарына діни радикализм мен экстремизмнің әсеріне қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған кездесу ұйымдастырды. 
НЕКЕ ҚИЮДЫҢ ШАРТТАРЫ" ТҮСІНДІРІЛІП және көкейлеріндегі жүрген сұрақтарға жауап берді.  Ағымдардың ықпалына ұшыраудан сақтандыратын кездесуге көбіне жастар тартылды. Өйткені, қоғам ішінде жастардың өмір тәжірибесінің аздығынан жат пиғылды топтарға арбалуы жиі байқалады дейді мамандар. Жиналғандарға қазіргі кезде белең алған жасырын неке қиып, кейін тағдыр тәлкегіне түскен әйелдердің жағдайы баян етілді. Дін қызметкерлері көпшілікке неке қиюдың шариғаттағы шарттарын түсіндіріп, АХАЖ бөлімі беретін анықтама қағазынсыз бұл іс жүзеге асырылмауы керек екендігін ескертті.Соңынан ұстаздарға жамағат атынан құрмет көрсетіп шапан жауып, жамағаттарға мешіт атынан сыйлықтар таратылды.