Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.
Комиссия мешіт жұмысына қатысты шешім қабылдады.«Биыл 2 қарашадан бастап (жұма намазын қоспағанда) мешіттерде ұжымдық намаз (бес уақыт намаз) өткізуге рұқсат етілсін» делінген комиссия шешімінде. Бірақ залда 100 адамнан артық кісі болмауы және 2 метр әлеуметтік ара қашықтық, маска режимі қатаң санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуы тиіс.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауға шақырады, сонымен қатар карантин жағдайына байланысты қазірге жұма намазы оқылмайтынын хабарлайды.
Ұқсастар
- "Қапан қажы" мешітінің Бас имамы мешіттердің сенбі,жексенбі күндері жабық болатыны туралы айтты Кітапхана
- Атырау облысының Бас имамы мешіттердің ашылу тәртібі туралы айтты Кітапхана
- МАҢЫЗДЫ! Мешіттерге және келуші жамағатқа қойылатын талаптар жарияланды Муфтият
- Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы мешіттерде жұма және бес уақыт намазды уақытша шектеу мәселесін түсіндірді Намаз
- ҚМДБ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНҒАН КЕЗДЕ МЕШІТТЕ ЖҰМА ЖӘНЕ БЕС УАҚЫТ НАМАЗ ОҚУҒА ҚАТЫСТЫ ПӘТУА Намаз