Құранды үздіксіз хатым ету

 ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы  барша дін қызметкерлеріне мүмкіндігінше Құранды үздіксіз хатым етуге үндеген болатын.
«Біз – тарихымыздың сан қилы сындарлы сәттерінде үмітсіздікке берілмей, бір Алладан медет тілеген халықпыз. Осы ретте мұсылман қауымын еліміз бен жеріміздің, күллі адамзаттың амандығы үшін дұға жасауға, Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат айтуға шақырамын. Ал барша дін қызметкерін Құранды мүмкіндігінше үздіксіз хатым етуге үндеймін» деген Бас мүфти бастамасы еліміздегі құлшылық ордаларында жүзеге асуда.
Үндеуге үн қосқан ҚМДБ Атырау облысы,Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітінің жамағатпен  он жетінші Құран хатымы жасалды . 
«Қапан қажы» мешітінде жамағатпен бүгін Құранды толықтай аяқтап, хатым дұғасы жасалды. Игі шараға «Қапан қажы» мешітінің имамы Жамбыл қажы Демеуұлы қатысып,жамағатпен  бірге Алла Тағаладан күллі әлем халқының басына төнген індеттен сақтауын сұрап, арнайы дұға жасады."Қапан қажы"мешітіне қарасты www.kapan-kazhi-meshiti. kz сайты және Islam_Kulsari. kz инстаграм парақшасында тікелей эфирде Құран хатым жасалды.