«Қапан қажы»мешітінде Пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айту жобасы басталды

Мәуліт айының құрметіне орай «Қапан қажы» мешіті «Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) 1 000 000 салауат» атты жобаның басталғанын хабарлайды.
– Барша мұсылманның жүрек төрінен орын алған сүйікті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айын ерекше құрметпен қарсы алу әдемі үрдіске айналғаны белгілі. Осы айдың құрметіне «Қапан қажы» мешітіне қарасты http://www.kapan-kazhi-meshiti.kz/ сайты «Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) 1 000 000 салауат» атты тың жобаны былтыр іске қосқан еді. 
Мінеки, осы жылы да мәуліт айының құрметіне жаңғыртып отырмыз. Көп түкірсе көл болады демекші, ниетіміз – барша қазақ бірауыздан бір мезгілде оқыған салауаттары арқылы еліміз Алланың мейіріміне, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүйіспеншілігіне бөленсе, әрбір атсалысқан кісі сауапты амалдан теңізден тамшыдайын үлес қоса алады.
Салауаттың қысқа түрі: Аллаһуммә саллиғалә саийдинә уә нәбийнә Мухаммәд немесе Аллаһумма салли уа саллим ала набиина Мұхаммад.
Оқимын деп ниеттенген салауат мөлшерін 10-желтоқсанға дейін бітіру шарт.950000 қалды, сауаптан құр қалмайық ағайын.