Жылыой ауданының мешіттері






«Жылой мұсылмандар» орталық мешіті

«Жылой мұсылмандары мешітінің» құрылысы 1995 жылы басталып, 1997 жылы пайдалануға берілген. Мешіт құрылысы типтік жобамен салынған, дербес жылу жүйесі бар, 9 бөлмеден тұрады. Ауданы 666 шаршы метр.
Мешіт Құлсары қаласының орталығында «Құрсай» өзенінің шығыс бетінде 300 метр, аудан әкімшілігінің оңтүстік-батыс бетіндегі 800 м шамасында орналасқан. Айнала 100 метр шамасында тұрғын үйлер орналасқан.
Мешіт құрылысын ұйымдастырған сол кездегі аудан әкімдері Мақсот Қилыбаев және Төкен Танаұлы. Бас саулетші - Баянғазы Сәтиев.
                                               МЕШІТ ИМАМЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ
ТҮЙІНДЕМЕ
Аты-жөні:                             Қағазғалиев Жасұлан Қуанышұлы
Туған жылы:                       25.06.1982
Азаматтығы:                       Қазақстан азаматы
Мекен-жайы:                        Атырау обл. Индер ауданы, Есбол селосы, М.Әуезов көшесі, 25.
Отбасылық жағдайы:        Отбасылы, 2 қыз, 2 ұл
Ұлты:                                    Қазақ
Білімі:                                    Жоғары
Кәсібі, мамандығы:             2012-2018ж Алматы қаласы Нұр-Мүбарак ислам мәдениеті университеті, 0112000-Исламтану мамандығы, Республикалық Имамдар институты «Имам Хатиб» біліктілігі берілді.
                                               Индер аудандық кәсіптік училищесі (ТМШП)
Жұмыс өтілі:                        19 жыл
                                               2001-2007 Атырау қаласы, Құспан Молла қалалық мешіті көмекші имам
                                               2007-2011 Атырау облысы Индер ауданы Есбол селосы имамы
                                               2012- Атырау қаласы Иманғали орталық мешіті жанындағы медресе директоры қызметін атқарды
                                               2013-2014 Атырау қаласы Иманғали орталық мешіті ұстаз
                                               2017-2018 Алматы қаласы Бостандық ауданы Орбита-3 мешіті ұстазы
Қосымша мәліметтер:         2001-2002ж Атырау мұсылмандар мешітінің жанындағы діни медресенің 6 айлық курсы
                                               2010-2011ж ҚМДБ жанындағы имамдардың білімін жетілдіру ислам институты – «Имам Хатиб»
                                               Кәсіптік дағдылары компьютерді жақсы меңгерген. Кеңсе құралдарында жақсы жұмыс істей алады.
Шет тілдер:                           Қазақ тілі (ана тілі), қосымша тілдер Арабша, орыс тілі
Сот.тел:                                 8 707 410 82 82
                                                                 
                                                                "ҚАПАН ҚАЖЫ" МЕШІТІ
 Атырау облысы , Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылында орналасқан. Мешіт құрылысы 2000 жылы басталып, 2002 жылы ашылды. Мешіт салуды Балжігітов Қапан және балдарының қолдауымен өз қаражаттарына салынды. Мешіт жерінің жалпы көлемі 0,09 га,151,0м2 , 25 х 36 м ,Ауласының биіктігі 1,7 м –дей темір шарбақпен қоршалған. Дәретханасы бар. Діни ұйым ретінде тіркелу 10 желтоқсан 2002 жылы Атырау облысының Әділет департаментіне «Қапан қажы» мешіті «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» діни бірлестігінің филиалы болып тіркелді. Тіркеу №1598-1915-ф-л,сәйкестендіру № 021241007550.



                                                  Ө М І Р Б А Я Н
                                     ЫБЫРАШ ЖАМБЫЛ ДЕМЕУҰЛЫ
21 Шілде 1969 жылы Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылында дүниеге келген.
1986 жылы орта мектепті бітірген.
1986-1993 ж.ж. Татарстан,Қазан қаласындағы химия технологиялық университетінде оқып,инжинер-технолог мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
2002 ж Атырау қаласы «Иманғали» мешітінің жанынан ашылған медресені аяқтап, сол мешітте және қалалық «Құспан молла» мешітінде қызымет жасаған.
2003 ж «Подхоз» СМП 163 «Забия» мұсылмандар мешітінде имам болып қызмет атқарды.
2007 ж 4 айлық имамдардың білімін жетілдіру Алматы Ислам институтында білімін жетілдірді.
2008 ж Алматы Ислам институтын тәмамдаған.
2009 ж «Иманғали» мешітінің ұстаздарының ұйымдастыруымен имамдардың білімін жетілдіру курсында білім алды.
2011 ж Атырау облысы әкім аппараты мемлекеттік қызыметшілерді қайта даярлау және олардың білімдерін арттыру өңірлік орталығында оқыды.
2013 ж Атырау облысындағы ҚМДБ қізметкерлері мен имамдарының біліктілігін арттыру курсын нәтижелі аяқтаған.
2011 ж Туркия мемлекеті, Бурса қаласындағы имамдардың білімін жетілдіру курсын тәмамдаған.
2006 ж Ауыл әкімі С.Таласовтың Алғыс хатымен.
2010 ж Атырау облысы ҚМДБ-ның өкіл имамы Н.Есмағанбетовтың Алғыс хатымен.
2011 жылы ҚМДБ-сы және орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің қолынан Алғыс хатпен.
2012 ж ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы  А.Садиевтің Алғыс хатымен.
2012 ж «Қара арна» селолық округінің әкімі Е.Елеусіновтің Алғыс хатымен.
2013 ж  Жылыой ауданының бас имамы А.Исаевтің Алғыс хатымен марапатталған.
2014 ж Алматы қаласы,2 айлық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында білімін жетілдірді.
2014 ж Атырау облысының әкім аппараты мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау,біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту орталығында «Имамдардың тұлғалық және басқарушылық құзреттілігін дамыту», «Дініміз-Ислам мәзһабымыз Әбу Ханифа жолы», «Қазақстан Республикасындағы «электрондық үкімет», «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саласының өзекті мәселелері» тақырыбында біліктілігін арттырды.
2015 ж. Атырау облысының әкім аппараты мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау,біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту орталығында «Діни сенім бостандығы және мемлекеттің зайырлылық қағидаттары» және «Зайырлы мемлекет және дәстүрлі дін»тақырыбында біліктілігін арттырды.
2014-2016 ж Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак»Египет ислам мәдениеті университетінің «Дінтану» мамандығын үздік тәмәмдаған. 
2016 ж «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдегиеті университетінде өткен Республикалық имамдардың білімін жетілдіру курсына қатысып
72 сағаттық дәріс  оқыды.
2016ж Атырау облысы Дін істері басқармасы және Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Мемлекет және дін-зайырлылық ұстаным» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсын оқыды.
2017ж.15-17 мамыр «Атырау облысы Дін істері басқармасы « Ақпараттық-талдау орталығының» ұйымдастыруымен өткен «Қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды нығайтудың оңтайлы әдіс-тәсілдері» ,30 қазан-1-ші қараша «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалары мен бағыт-бағдары» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсын оқыды.
2018 ж.30-31 Шілде «Атырау облысы Дін істері басқармасы « Ақпараттық-талдау орталығының» ұйымдастыруымен өткен «Зайырлылық және дін-бір тұтас қоғам» тақырыбындағы мешіт имамдарына арналған біліктілікті арттыру курсына оқыды.
2019 жылы «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтары негіздері»тақырыбындағы имамдарға арналған біліктілік арттыру курсының бағдарламасын нәтижелі аяқтаған.
2020 жылы Атырау облысы Дін істері басқармасы « Ақпараттық- талдау  орталығының» және «Шапағат» деструктивтік діни ағымнан жапа шеккендерге көмек орталығының ұйымдастыруымен өткен «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері» тақырыбындағы имамдарға арналған 2 күндік біліктілігін арттыру курсының бағдарламасын нәтижелі аяқтады.
2020 жылы Атырау облысы Дін істері басқармасы « Ақпараттық- талдау  орталығының» және «Шапағат» деструктивтік діни ағымнан жапа шеккендерге көмек орталығының ұйымдастыруымен өткен «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері» тақырыбындағы діни бірлестік басшылары және қызметкерлеріне арналған бір күндік семинарын  нәтижелі аяқтады.
2006-2010 ж.ж.Аллаһ нәсіп етіп қасиетті Мекке-Мадина қалаларында бесінші парыз қажылықты өтеп қайтты.
2006 ж бастап ҚМДБ-ның бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің бұйрығымен Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітіне имам болып тағайындалды.
Отбасылы- екі бала,алты қызы бар.
Мешіт мекен жәйы- Атырау облысы, Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылы.Мешіт тел. 8/71237/2-61-52

                                                       «НҰРҚАС-САТЫБАЛДЫ» МЕШІТІ

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жаңақаратон поселкесінде орналасқан. Мешіт құрылысы 2004 жылы басталып, 2006 жылы ашылды. Мешіт салуды ауданға белгілі кәәсіпкерлер Тілепберген Ұлықпанов, Байрақбай Қаражановтардың көмегімен өз қаражаттарына салынды. Мешіт ғимаратының жалпы алаңы 278,3м-2,Жер учаскісінің жалпы алаңы 0,612 га,мұнараның жалпы алаңы 7,5м-2,мешіттің қызмет көрсететін дәретхананың жалпы алаңы 98,5м-2,обьект бойынша технология және сәулет-құрылыс шешімдері мынадай деректермен сипатталды.Қабаттылығы -2, биіктігі 6,15 м,төбесі плита,сыртқы қабырғасының құралы ракуш тас, қалыңдығы 20,0см құйылған,бетондалған тереңдігі 135,0 см
                               МЕШІТ ИМАМЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ
                               Сарсекеев Ажок Саясатұлы
1983 жылы Атырау облысы , Жылыой ауданы , Қаратон поселкесінде дүниеге келген.
1990 жылы Крупская мектебіне барған
2001 жылы #22 мектебін бітірген.
2001-2003жылдары әскери борышын өтеген.
2003-2005 жылдары НСС компаниясында қызмет жасаған.
2005-2010 жылдары ТНС компаниясында қызмет жасаған.
2010-2013 жылдары «Ақтөбе медресе» колледжiн бiтiрген.
2013-2016 жылдары «Нұр-Мүбарак» ЕИМУ-тiн бiтiрген.
2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚМДБ бұйрығымен имам қызметінде.
                                                                   «ҚОСШАҒЫЛ» МЕШІТІ

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылында орналасқан. Мешіт құрылысы 1995 жылы басталып, 1998 жылы 30 Қазанда ашылды. Мешіт құрылысын салуды ауыл тұрғыны Теңел Айдарбекұлы бастама көтеріп, өз қаржысына және ауыл тұрғындарының әл қадірінше жинаған ақшадан кейбір мекемелердің қол ұшын беруімен салынды.
Мешіт жерінің жалпы көлемі 0,0875га. 25мх35м. Ауласының биіктігі 1,8м-дей темір шарбақпен қоршалған. Ұзындығы – 12 метр, ені – 6 метр, намаз залы – 7,30мх5,50м, имам бөлмесі – 4,30мх2,90м, шешінетін жер – 4,30мх2,90м, сыйымдылығы – 70 кісілік, мешітің биіктігі – 3,75м, күмбезі – 3 метр. Әрқайсысы 1 метрден бұрыштарына құлақ тұрғызылған. Дәретханасы бар. Басқа қосалқы құрылысы жоқ.

                                 МЕШІТ ИМАМЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ
                                    Теңел Айдарбекұлы
 Айдарбекұлы Теңел 1960 жылы 14-щі Қарашада Гурьев облысы, Мақат ауданы, Комсомол поселкесінде дүниеге келген.
1978жылы Гурьев облысы Ембі ауданы Сарықамыс орта мектебін аяқтап, 1979 жылы Батыс Қазақстан мұнай айдау мекесесіне жұмысқа орналасып оператор, аға оператор қызметін 2002 жылға дейін бір салада істедім.
1996-1997 жылдары Атырау Мешіт жанынан діни медресе бітірді.
1998 жылдың 30-шы Қазанынан бері Қосшағыл мұсылмандар мешітінде имам болып қызмет атқарып келеді.
2004 жылы сәуір айында Алматы қаласының Діни басқарманың имамдардың білімін тексеру комиссиясынан емтихан тапсырып, сараптаудан өтті.
2007 жылы мұсылманның 5-ші парызы қажылыққа барып келді. 
Отбасылы, бес баласы бар.

                                                           «ЕСЕНГЕЛДІ НҰРШАЙҰЛЫ» МЕШІТІ
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылында орналасқан.  Мешіт құрлысы 2004 жылы басталып 2005 жылы аяқталды. Құрлысты жүргізген «Жылыоймұнайгаз» және «Жаңа-Таң» ЖШС-нің басшылары М.Ізбасов және Ысқақ Шақпақ. Бір күмбезі бар. Ерлер және әйелдер намаз оқитын бөлмелері бар. Мешіттің ішінде жылу қазандығы, мешіт ауласында -1 су құдық, ер-әйелге арналған әжетханасы және құрал-сайман салуға арналған шағын сарайы бар



                                      МЕШІТ ИМАМЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ
                                      Орынбаев Қанапия Қалилақұлы
Орынбаев Қанапия Қалилақұлы 1971 жылы 15 қыркүйекте Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылында дүниеге келген. 1978 жылы А.Иманов атындағы орта мектепке барып, 1988 бітірдім. 1989 жылы Атырауда 6 айлық жүргізуші мамандығын бітірді. 1990 жылы отан алдындағы борышын өтеу үшін Қиыр Шығысқа әскер қатарына қабылданды. 1992 жылы елге келіп «Коммунизм таңы» совхозында әртүрлі мамандық бойынша жұмыс жасадым. 2008 жылы мешіт жамағаттары қатарына қосылып, намазға жығылды. 2012 жылы «Жылыой мұсылмандар» мешіті жанындағы сауат ашу курсын тамәмдады. 2013 жылы Бас мүфти Ержан қажы Малғажы ұлы хазреттің бұйрығымен Ақкиізтоғай ауылы «Есенгелді Нұршайұлы» мешітіне имам етіп тағайындалды. 2014 жылы Атырау қаласы «ИМАНҒАЛИ» орталық мешіттің жанындағы 2 айлық сауат ашу курсы оқыды. 2014-2017ж ҚМДБ жанындағы имамдардың білімін жетілдіру ислам институты – «Имам Хатиб» .  2015-2018 ж Ақтөбе медресе-колледжі"Исламтану" саласы бойынша "имам -Хатиб" дипломын алды.Отбасы құрмаған. 
                                                        «ТҰРҒЫЗБА» МЕШІТІ                                                                                           Атырау облысы, Жылыой ауданы, Тұрғызба ауылында орналасқан. Мешіт жеке кәсіпкер Еңсегенов Саматтың қолдауымен,қаражатына салынды.
Мешіттің іргетасы 2001 жылы қаланып, пайданалуға 2002 жылы 9-шы шілдеде берілді. Жалпы ауданы-90 шаршы метр . Мешіт 60 адамға арналған,екі қабаттан тұрады,1 намаз оқитын үлкен зал,1 әйелдер намаз оқитын бөлме,1 қабылдау бөлмесі бар . Мешіттің қабырғасының биіктігі -6 метр. Мешіттің 1 күмбезі , биіктігі -2 , диаметрі -4метр.Мешіттің ішінде жылу қазандығы,мешіт ауласында -1 су құдық, ер-әйелге арналған әжетханасы және құрал-сайман салуға арналған шағын сарайы бар.

                                                
                                                                       "МАЙКӨМГЕН" МЕШІТІ