Дүйсеке ата мешіті






Мешіт XIX ғасырдың соңғы онжылдығында Жем арқылы Құлсарыға өтетін көпірдің батыс жағында салынды және тез арада табынып құшылық ететін орнына айналды. Сәулет стилі бойынша бұл бастапқыда көп күмбезді шикі саман тастан салынған мешіт. Бұл тип XIX ғасырдың ортасынан бастап тарала бастады және көшпенділердің тұрақты "қыстауы" (жайылымы бар қысқы тұрақтары) қалыптасқан жерлерде қалыптасты. Мешіттің құрылысшысы – халық сәулетшісі, сол кездегі мешіттер құрылысының шебері Бірман ұста болды.
Мешіт Құлсары кентінің жанында, Жем өзенінен өтетін көпірдің батысында, өзен жағасында орналасқан.
Ғимарат ХІХ ғасырдың соңғы он жылдығында салынған. Мешіт төртбұрышты, оңтүстік жағында қосымша ғимарат бар. Құрылыс материалы ретінде шикі саман тасты және күйдірілген саздан жасалған кірпішті, сондай-ақ қарағаш бөренелерін пайдаланған. Мешіт 6 күмбезден және ішкі жағынан екі тірек бар. Мешіттің ұзындығы 26,10 м, ені 10,20 м.
Мешіттің имамы қажы Дүйсенбай Дәндіқұлұлы болды, одан кейін оның баласы Нәби әкесінің ісін жалғастырды. Мешіттің бірінші имамы Дүйсеке Дәндіқұлұлының бейіті мешіттен шығысқа қарай он метр жерде орналасқан. Қабірінде оның өмір сүрген уақытын көрсететін (1833 – 1903 ж.) құлпытас орнатылған. Тарих деректер және 1957 жылғы темір плитаға сәйкес мешіт 1888 – 1903 жылдары (кейбір деректерде, 1868 – 1870 жж.) салынғаны айтылады.
Мұнда Бөгенбайұлы Дәріштің ұлдары мешіт жанындағы медреседе азаншы және оқытушы ретінде қызмет еткен. Солардың бірі, Қалдыбай ата 30 жыл мешітте азаншы болған. Оның керемет, әдемі дауысы болған, Сабыр Әбеновтің айтуынша, Қалдыбай ата таңғы намазға шақырған кезде оның дауысы Шоқпартоғай ауылынан Мойылды ауылына дейін естілгенін айтады. Екі ағасы – Ахмет пен Оспан азаншы және мешіт жанындағы медреседе оқытушы болып қызмет жасады.
Сәулет ескерткіштерін қорғау жөніндегі республикалық ұйым жергілікті халықтың көмегімен мешітті қалпына келтірді. Жем арқылы өтетін көпірде "Дүйсеке ата көпірі" деп атап көрсеткіш орнатылған. Ескерткіш мемлекет қорғауына алынған.Қазіргі мешіттің және қорымның қамқоршысы болып жүрген Сембиев Нұрлан Соблұлының айтуынша тікелей тас жол,қарилар дайындайтын медресе,Атаға келуші халыққа жағдайлар жасау мәселесі жөнінде жоспарларын айтты.
Әке, ана – өмірдің мәні де сәні де осылар. Ата-ана өміріміздің шамшырағы, отбасының негізгі дінгегі, дәнекері.Дін мұсылман жолында әкені құрметтеу-айырықша парыз. «Әкеге бағыну – Аллаға бағыну. Әсіресе тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық жоқ. Атырау облысы,Жылыой ауданы,Дүйсеке ата үйінде өмірден озған ардақтыда,аяулы ата Нұрмағанбетұлы Ботай,Рахметтолла қызы Сағираға, Ботайұлы Марат, Ислам қызы Гүлмайра және Ата бабаларына арнап ұрпақтары бірігіп,дастархан жайылып ас берді. Осылайша, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған бір атаның балалары бас қосты.Дұға дастарханына «Қапан қажы» мешітінің имамы Ыбыраш Жамбыл Демеуұлы Құран оқып «Пайғамбарымыздың өмірінен» тартымды уағыздарын айтты. Үлкенді сыйлау – қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау – ең алдымен әке-шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, өз ата-анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды да сыйлай алмайды. Ата-ана баланы дүниеге келтіріп, өмір береді, тәрбиелеп өсіреді, білім береді. Оған ер жетіп, отбасының қамқоршысы болады деп сенім артады. Есейген бала ата-анаға қамқоршы болуға жараса – жігіт болғаны. Ата мен ананың қартайғанда бойынан күші қайтады. Бірақ олардың ақылы, көпті көрген тәжірбиесі отбасына үлкен көмегін тигізеді. Әрбір қиын істің шешімін ең алдымен ата-ана табады. Ол үшін ата-анамен ақылдасып, олардың пікірін тыңдап отырған орынды. Ата-ананы сыйлаған жастардың өз балалары да кейін соны қайталайды. Ата-ананың ісінен үйреніп қана қоймай, олардың тәрбиесін бойға сіңіре білу – әр баланың парызы. Ата-ана қандай жағдай болмасын, «балам қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азамат болсын» деп әрқашан тілеуін тілеп жүретін асыл жандар.Еске алу дұға дастарханына келген жамағатқа Ботаев Қайрат Мұратұлына рахметін айтып, ақсақалдар баталарын берді.