Бас имам Шоқпартоғай ауылына арнайы сапармен барды














Жылыой ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы және Жылыой мұсылмандар мешітінің бас имамы Жасұлан Қуанышұлы Шоқпартоғай ауылына барды.
Жергілікті тұрғындармен және Қара арна селолық округінің әкімі Е.Елеусінов,"Қапан қажы" мешітінің имамы Ж.Ыбыраш және халықпен жүздесіп, шоқпартоғай ауылының, 
жергілікті мешіттің ахуалымен танысып, ауыл үлкендерімен өткен кездесуде діни ахуал, жастарды білімге, ғылымға, рухани қуаттылыққа тәрбиелеу, білікті кадрмен шалғай ауылдарды қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.
Айта кетерлігі, Шоқпартоғай  ауылдарындағы жергілікті медициналық амбулаторияларға орталық “Иманғали” мешіті атынан оттегі концентраты аппараттары табыс етілді.
“Әлем ауыр індетпен әлі күресуде. Пандемияның қашанға дейін созылатыны белгісіз. Бұл аппараттар осындай қиын кезеңде халық саулығын сақтауға оң әсер береді деген сенімдеміз” дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.