"Қапан қажы" мешітінде апталық дастархан жайылды





Атырау обоысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы « Қапан қажы" мешітінің имамы Жамбыл Демеуұлы –жастарды жат пиғылды радикалды топтардың ықпалынан сақтауымыз керектігін және исламның болмысы мен рухына жат дәстүрлі  емес  жолды  ұстанатын  салафилік  ағымның  тарихта  қанды қасап қырғындарымен аты қалған, мұсылмандардың өзіне қару көтеріп, қанын төккен уаххабилік 3 ғалымының Мекке қаласына келіп Мазһаб ғалымдарымен тартыста, ақиқатты түсініп тәубеге келгенін, 1796 жылы хатқа түсіргендігі баяндап берді.
Жұмағалиев Ерасыл  ас үстінде асыл дініміз  жайлы әдемі насихаттар айтып,  қойылған сұрақтарға жауап берді. Сөз соңында құран бағышталып, дұға жасалып, әр ай сайын осындай дастарханда жолығып отырамыз деген мәмлемен тарқасты.